Хабарландыру

Рымбек Қабиденге ыстық ықыласымызды білдіреміз!

Театрдың кез келген бастамасының жанынан табылып, ақпараттық қолдау көрсетіп жүретін білікті блогер Рымбек Қабиденге ыстық ықыласымызды білдіреміз! @rymbekqabiden еңбегіңіз жана берсін!

Ерте ояндым, ойландым...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында және ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, кемеңгер ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Ж.Аймауытов театры, М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясының желісімен жазылған "Ерте ояндым, ойландым..." /реж:Ә.Ақанов/ трагедеясының премьерасын халық назарына ұсынды. 

Қойылымды аймақ басшылары бастаған зиялы қауым өкілдері арнайы келіп тамашалады. 

Спектакль өз кезегінде көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болып, ыстық ықыластарына бөленді.

 

Ерте ояндым, ойландым....

Ерте ояндым, ойландым..

ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

11,12 наурыз, сағат:18:30

М.Әуезов "Ерте ояндым, ойландым..." Сөнбес сәуле, үзілмес үміт...

Абай жол...

Ақын тағдыры тар өткелге тірелседе, адамзат салған жолдан айныған емес. Соқпақты даңғыл санаған тобырдың көрер күні, болашағы не болмақ? 

Бұл Абай қиялын шиырлаған сансыз ойлар. Авторы - Мұхтар Әуезов

Қоюшы режиссері - Әділет Ақанов @adletakanov

Музыкамен көркемдеуші - Елемес Өмірұзақ @lms_8.8

Қоюшы суретші - Ұлан Несіпбай @nessipbay.ulan

Режиссердің ассистенті - Бауыржан Манатбекұлы @baurzhan_manatbekuly 

Байланыс телефоны:

8(7182) 31-02-09

 

Абай еліне саяхат

Қазақтың Ұлы адамдары жатқан жерлер қашан да қасиетті. Семейден шыққанда ызғырық жел соғып түнеріп тұрған аспан, павлодарлық әртістер Жидебайға келіп, кесене кешініндегі анфитеатрда Абайдың әнін әуелеткеннен кейін жадырап сала берді.  Бұдан кейін Ертіс-Баян өңірінен келген өнерпаздар Абай мен Шәкәрімнің кесенелеріне барып зиярат жасап, аруақтарға дұға бағыштады. Енді, Ұлылар жатқан осынау мемориалды кешені жайлы аз кем ақпарат айтсақ. Кешеннің құрылысы 1993 жылы наурыз айында басталған. Абай Құнанбайұлының 150 жылдық шаралары жоспарына сәйкес жасалып, қазіргі қос мұнаралы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені ғимаратына айналды. Жер табанынан бес метрлік биіктегі мавзолей алаңының ені 65 метр, ұзындығы - 200 метр. Ал қос арыстың қабірлерінің аралығы - 140 метр. Мұнара құрылысына Маңғыстау жерінен арнайы ақтүсті әк шөгіндісі әкелінген.

Арман Темірбек, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының басшысы:

Театр ұжымымен Жидебайға ат басын бұрып Абай атамыздың зиратына тағзым етіп, құран бағыштап және де әртістерімізде сол бір заманды сезінсін дегендей ниетпен келіп отырмыз енді.

Толығырақ...