Аймауытов театры атынан дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс

Ғаламды шеңгеліне алып, күн сайын өршелене түскен бұл індет адамзаттың тамырына балта шабуда. Арда жанын садаға етіп, аурумен адам арасыны араша түскен ақ халатты абзал жандармен, темірдей берік әскери қызметкерлердің еселі еңбегі бәрімізді сүйсіндіруде.
Біз үшін ең қымбат өмірін тәуекелге салып, талмай қызмет етіп жүрген барша дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге ыстық ықыласымызды білдіре отырып Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры алғыс айтады.
Құрметті Отандастар!
Жеңіс тек бірлікте. Көшпелі бұл уақыт, сын сағаттын ұйымшылдыққа бағыттап тұрса керек. Сабырлық сақтап, бұл қиындықты бірге еңсерейік.
Біз біргеміз!

#BIZBIRGEMIZ акциясын қолдау

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры індеттен сақтану шараларынан ескере отырып, #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, медициналық маскалар тігіп, қала тұрғындарына тегін таратқан болатын.
Осы орайда, игі бастамамызға ақпараттық қолдау көрсеткен @tvkhabar24 телеарнасына алғыс білдіреміз!

Біз біргеміз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша алдын алу шараларын іске қосқан болатын.
Осы орайда, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры да індеттен сақтану шараларынан шет қалмауда.
Атап айтсақ, театр ұжымы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, медициналық маскалар тігіп, қала тұрғындарына тегін таратты.
Бұл дерт адамзатқа сынақ болып келгені анық. Елдің елдігі - береке бірлігінде! Әлемді алаңдатқан дертке бірге қарсы тұруға, оның таралмауының алдын алу шараларын сақтауға шақырамыз. БІЗ БІРГЕМІЗ!

Әз-Наурыз құтты болсын!

Ұзын сонар мезгілден үзілмей жеткен, Ана жердің бауыры жіпсіп, қыстың қамыты шешілген, ұлық мейрам Әз-Наурыз құтты болсын.
Күн мен түн теңелген бұл мереке баршамызға құт берекесін дарытып, ырыс несібесін төге келсін.
Құрметті Отандастар!
Сіздерді ұлттық Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Айдан аман, жылдан есен шығып, көркейе берейік!

Қазақстан театрларының 2019 жылғы жұмыс нәтижелері

Халықаралық театр сыншылары бірлестігі Қазақстан театрларының 2019 жылғы жұмыс нәтижелеріне сараптама жүргізіп, мониторингін жариялаған болатын.
Қатысқан 43 театр арасында Ж.Аймауытов театры үздік көрсеткіштер көрсетіп өзіндік потенциялын байқата алды.
Атап айтар болсақ:
2019 жылғы БАҚ көзіне іліккен театрлар ішінде үштіктен көрінсе, гастрольдік сапар жасаудан үздік бестікке ілінді.
Сондай-ақ, театртанушы мамандар шақыруда 43 театр арасында 12 орынға табан тіреп, 2019 жылғы премьера ұсыну жөнінде алдыңғы саптан бой көрсете алды.
Әрине, бұл көрсеткіш облыстық театрлар арасында алдыңғы қатарларда екенін білдіретіндей.
Алдағы уақытта, сапамызды арттырып, алдыңғы қатарларға көтерілу жоспарлануда.
Саннан сапаға, стандартты режимге талпыну басты мақсатымыз.

Толығырақ...

Премьерадан кейін

Театр репертуары тағы бір сапалы қойылыммен толықты. Естелікке толы, тарихи сәт!
М.Әуезов "Ерте ояндым, ойландым..." /трагедия/
Режиссері - Әділет Ақанов.@adletakanov>