Нұр-Сұлтан қаласында, дәстүрлі түрде өткізілетін VII халықаралық "SAMGAU" фестивалінде театрымыз абыроймен өнер көрсетіп шықты. Талғамы биік елорда көрермендерінің патша көңіліне жол таба алғандығы, олардың көрсеткен қошеметтерінен,  соққан шапалақтарынан анық білінді.
Қойылым соңында  сарапшылар талдау жасап, актерлеріміздің шеберлігін шыңдап, алдағы күндерде де осындай биік деңгейден көргілері келетінін айтты.
 Әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген театрлармен қатар жүріп тәжірибе алмасу, труппаға келер күнге жігер берді деген сенімдеміз.
Сонымен бірге, фестиваль аясында актерлеріміз шеберлік сағаттарына қатысып арнайы сертификатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымын қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысушы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек пен көркемдік жетекші Ерлік Жуасбек пен арнайы сұхбаттасып, театрдың 30-жылдық мерейтойларымен құттықтады. - Сіздердің жетістіктеріңіз бәрімізге аян. 30-жылдық мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, театрдың алдағы уақытта алар шыңы әлі алда деп сенетінімізді жеткізгім келеді. Барша ұжымға шығармашылық табыстар тілей отырып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ерекше ықыласын қабыл алыңыздар, - деді вице-министр Елдос Мұратұлы.
Маусым айының 15-і жұлдызында Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысатын ұжым Ертіс-Баян өңірі атынан К.Гольдонидің "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ. - Барлық театр ұжымы атынан сіздердің осындай жылы қабылдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңызға алғысымызды білдіремін. Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуында өнер, мәдениет саласының орны ерек. Бәріміз де бір саланың адамдары болғандықтан қолдап, ерекше ықылас танытқандарыңызға тағы да алғыс айта отырып жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек.

10-маусым елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында, Vll халықаралық "Самғау" фестивалі басталды. Ж.Аймауытов атындағы, Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры атынан, басшы Арман Темірбек пен көркемдік жетекші Ерлік Жуасбек делегат болып, салтанатты ашылуына қатысты. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек; Маусым айының 15-і жұлдызында, Ертіс-Баян өңірі атынан, театрымыз К.Гольдонидің "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ.

Әлем театрлары назар аударған дүбірлі додада шет мемлекеттерден келген және отандық театрлар бақ сынаспақ. Фестивальге ұзын саны 16 театр бәсекеге түсіп, өнерлерін ортаға салатын болады.

Жерлестерімізге жігер беріп, қолдауды ұмытпайық!!!

 

9-маусым Сайлау күнінде, театр ұжымы белсенділік көрсетіп, азаматтық құқығын пайдалана, өз таңдауын жасады.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күніне орай, театрымыз атын иеленген, Ж.Аймауытов зеріктеуші, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, МАИН академигі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі  Зейнулина Айман Файзоллақызымен сұхбат

Алаш аманатын арқалаған тайғақ жолға тағдырын бұрып, елінің азаттығы жолында құрбан болып кете барған арыс ұландар, бүгінде ұрпақ  санасында мәңгі сақталмақ. Қылышынан қан тамған Голощокиннің сұрқия саясаты, мамыражай күн кешкен көшпелі Қазақ елінің бейбіт аспаннына қара бұлт үйіріп, нәубет заманның аласапыраннын орнатты.

Қазақстан компартиясының көшбасшысы  Голощекин 1927 жылы «Кіші Қазан» төңкерісін жариялады. Орталықтандыру мақсатында елдің қолындағы малды тартып алып, қолдан ашаршылық жасады. 1932-33 жалдары Қазақстанда бір жарым миллион адам өмірлерімен қош айтысты.

«Асырыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» - деп ұрандатқан шолақ белсенділер халықты  аяусыз қанап қана қоймау, «Халақ жауы» деген желеумен елдің ұйытқысы болып отырған көзі ашық сауытты тұлғаларды, би болыстарды, дін адамдарын   қуғынға ұшыратты.

Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан «Алаш Орда»  қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 «буржуаз ұлтшыл»  қамауға алынды.

Халықтың қаймағын сыпырып, берекелі елді босытып жіберді. 600 мыңға жуық Қазақ бас сауғалап елден үдере көшті. Өрісі тарылып,   өзегі үзілген , өзені сарқылып, үміті үзілген дүйім жұрт жанын шүберекке түйіп, аман қалудың қамын іздеді.

Бүгінгі таңда, Қазақстан орталық  көшелеріне, мәдени ошақтарына, мемлекеттік ғимараттарына   Алаш Ордашылдардың аттарын беріп, олардың еңбектерін ұрпақ санасына кеңінен сіңіріп келеді. Оларға ескерткіш орнатып, мемориалдық кешендер ашылған.

 

Сондай  қуғын-сүргін құрбаны, ақтаңдақтардың асылы, театрымыз атын иеленген Ж.Аймауытов еді.

Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, сазгер, өнерпаз,  зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.

Қазақ жазба өнерін қалыптастырушылардың бірі әрі белдісі, шоқтығы биік, оқ бойы оза шапқан дара тұлға еді.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы - Жүсіпбек Аймауытов.

Атап айтар болсақ, "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай саналуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы.

Оның зеріктеу еңбектері, артына қалған том-том кітаптары еліне ғасырдан-ғасырға жететін азық іспеттес.

1992 жылы 21 сәуірде ҚР үкіметінің қаулысымен театрға Жүсіпбек Аймауытов есімі беріліп, 2014 жылдың қыркүйегінде театр алдында ескерткіш орнатылды. Алаш арыстары ел есінде мәңгі сақталады!

Бүгін, Театр ғимараты алдында қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Ж.Аймауытов  ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 

 

Бүгін театрымыздың көркемдік жетекшісі, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы бастаған, сақа актер Тоқатов Бек, және "Үздік жас маман" төсбелгісінің иегерлері Жұмаханов Рахат пен Әнуарбек Ақ-Сұлтан, "Үздік ер адам рөлі" номинациясын еншілеген Жақып Абзал, Ертіс каналында қонақта болып, сүбелі сұхбат беріп, жүйелі ойларымен бөлісті.

Бағдарламада "Қалың қалай қазақ театры" атты тақырып айналасында әңгіме өрбітіп, бүгінгі қазақ театр өнерінің жай-күйін ортаға салды.

interviu2

 

Бүгін Мәдениет пен өнер қызметкерлері күні қарсаңында, театрымыздың жас буын актерлері Жылгелдиев Бауыржан, Жұмаханов Рахат, Әнуарбек Ақсұлтан " Үздік жас маман" төсбелгісін иеленді.

Төсбелгі куәлігінде "ҚР білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің "Алтын кітап" атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгені үшін, өнер саласында жеткен нәтижелі  жетістіктері мен үздік қызметі үшін "Үздік жас маман" төсбелгісімен марапатталады" - делінген.

Төсбелгіні театрымыздың көркемдік жетекшісі Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы табыстап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  атынан Жұмаханов Рахат "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Театр басшысы жеке қабылдап, марапатты  арнайы түрде табыс етті!

Құрметті театрымыздың жас буын әртістері!

Сіздердің еңбектеріңіз еленіп, жұмыстарыңыз бағаланып жатқаны үшін театр ұжымы қуанышты екенін жеткізеді.

Алдағы уақытта да үлкен жеңістермен қуантады деген сенімдеміз!

jastar2

 

Театр басшысы Арман Темірбек "Техникалық құрам" мен " Шаруашылық құрам" қызметкерлерін Мәдениет пен өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.

Алғыс хатта: " Мәдениет пен өнердің кемеліне жетелейтін  руханияттың саф алтын тұнығын дәріптеген театр саласында адал еңбегіңіз бен қажыр қайратыңызды жұмсап келесіз!  Бәсекеге қабілетті елдер сапына талпынған еліміздің абыройына қосқан үлесіңіз үшін үлкен алғыс білдіремін.

Ұлттық төл өнердің қарыштап дамуы жолында Сізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін!" - делінген.

Марапаттау барысында театр басшысы: " Театр - өнердің биік шыңы.  Ұлы театр киім ілгіштен басталатыны белгілі. Ұжым актерлер мен басшылықтан ғана құралмайды. Өздеріңіз секілді адал қызметкерлердің еңбектерімен қарыштап дамиды. Осы орайды мерекелеріңізбен шын жүректен  құттықтаймыз.

Отбасыларыңызға амандық пен есендік тілейміз" - деп, шексіз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек құрамды құттықтап,  ыстық лебізін білдіре кетті

 

 фотоларды көру