Гүл - табиғаттың сырға толы таңғажайып жұмбағы. Адам жанына нәзіктік сыйлап, жанын жадыратар ерекше жаратылыс.

И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының @filarmoniya2012 "Гүл отырғызайық" челленджін қабыл алып, "Ertis" телеарнасы және "Сарыарқа самалы" газеті ұжымдарына жолдаймыз!

Балақайлар!

Сәлем балақайлар!
Үйде отырып іштеріңнің пысқанын жақсы түсінеміз!
Осы ретте, көңіл сергіту үшін сендермен ойын ойнағанды жөн көріп отырмыз!
Ол үшін бейнероликтегі жан-жануарларды скриншот жасап, ұстаған жануарларыңа этюд(пародия) жасаңыздар! Сосын, историяларыңызға салып, @teatr_pavlodar парақшасын белгілеңіздер!
Ал, кеттік достар!

Мереке құтты болсын әріптестер!

22.jpg

YouTobe арнамыздан тамашалай аласыздар!

0905-2.jpg

Құрметті көрермен! Спектакльдерді #онлайн режимде YouTobe арнамыздан тамашалай аласыздар!
Біз Сіздермен әрқашанда біргеміз! Сілтемесі парақшамызда белгіленетін болады 

Ж.Аймауытов театры атынан #челлендж

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты індетпен күресуге ел жұмыла кірісті. Оқшаулану бұл біздің үлкен қаруымыз. Осы ретте, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры карантинде отырған барша жұртты сабырлыққа шақырып, үйде болуға үндейді.
Сондай-ақ, барша жерлестерімізге және театр сүйер көрерменге осы #челленджді жолдаймыз!
Қайталап, @teatr_pavlodar парақшасын белгілеуді ұмытпаңыздар!

Карантин уақытын тиімді өткізу

Құрметті Достар!
Әлемді шарпыған COVID-19 індеті адамзатты әбігерге салғаны анық.
Төтенше жағдай жарияланып, жоспарларымыз шегеріліп, мүмкіндіктеріміз шектелді.
Тарихта оқтын қайталанып отыратын бұл кеселді Шекспир, Исаак, Пушкин сынды ғұламалар өз пайдасына шешкенін білесіз бе?
Сіздерге карантин уақытын тиімді пайдаланған тұлғаларды ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Бәлкім, сіздің ішіңізде де адамзатқа ортақ туынды жатуы әбден мүмкін.
Сіз карантин уақытын пайдалана алдыңыз ба?