Уақытты үнемді пайдалану

Қайырлы кеш достар!
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Оны тиімді пайдалану біздің басты жетістігіміз болмақ. Карантин уақытты игеруді үйретуге мүмкіндік бергенін естен шығармайық. Осы ретте, театрымыздың актері Жақып Абзал уақытты ұтымды пайдалану тұрғысында аз-кем әңгіме қозғамақ.
Керегіңізге жарап қалар деген сеніміміз мол!

13 шілде ұлттық аза тұту күні

WhatsApp_Image_2020-08-07_at_21.20.38.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-шілде күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясына байланысты телевизиялық үндеуінде:
"«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.

Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.

Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді." - деп, сұм індеттен көз жұмған отандастарымызды еске алу күнін белгіледі.

Әрине, бүкіл әлем болып күресіп жатқан тәж-тажал арамыздан небір асыл азаматтарымызды бөліп әкетті. Олардың есімі жүрегімізде сақталып, санамызда мәңгі қалмақ.
Біз оларды ұмытпаймыз!

✅ 13-ШІЛДЕ КҮНІ ЕЛОРДА УАҚЫТЫМЕН САҒАТ 12:00-ДЕ БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНАДЫ.

Мамандар кеңесі. Covid-19-дан қалай аман қаламыз?

1.jpeg

Мамандар кеңесі. Covid-19-дан қалай аман қаламыз?

Қазір коронавирус індетінің өршуіне байланысты адамдардың біраз бөлігі үй жағдайында емделіп жатыр. Көбі әлеуметтік желілерден, елдің аузынан естіген емді жанға жалау етуде. Алайда дерттен сақтанамыз деп жүріп, жалған ақпараттарға еріп, өмірімізге қауіп төндіріп жатқанымызды білмей қалуымыз да мүмкін. Сондықтан мамандар кеңесіне құлақ аса жүріңіз!

Нұрбол Құдайберген, жалпы хирург:

- Қазіргі уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек таптырмай тұрған шақта көп уақыт жоғалтпай, үй жағдайындағы ем-домды қолдану керек.

Біріншіден, сарымсақтың пайдасы мол. Тек оны артық мөлшерде пайдалана беру де денсаулыққа кері әсерін беруі мүмкін. Аш қарынға емес, күнделікті тағаммен бірге қолданған жөн. Себебі бұл антибиотиктің орнын басады.

Екіншіден, ешкінің сүті де иммундық жүйеге өте пайдалы. Неге десеңіз, оның құрамында "казеин" бар. Әсіресе кішкентай балаларға тиімді болмақ. Ешкінің сүтіне бал қосып, таңертең, кешке ішу керек.

Үшіншіден, температурасы бар адам күніне 2 - 2.5 л. сұйықтық ішу керек. Себебі науқас көп терлеген сайын, ағзадағы сұйықтық мөлшері өз қалпында болмайды. Сондықтан жылы сұйықтық ішіп, 4-5 рет жақсылап терлесе кез келген вирустық ауру-сырқаудан құлан таза айығады. Сондай-ақ, компот, жеміс жидек шырыны пайдалы дәрумендерге бай екенін мен айтпасам да, білесіздер. Бұлар ең әуелі температураның түсуіне көмектеседі. Және науқас адамның арқасын, аяқ-қолын спиртпен сылау арқылы да температураны түсіруге болады. Алайда температурасы бар науқас монша қабылдамау керек.

Төртіншіден, саумал қан қысымы төмен науқастарға болмайды. Бірақ оның пайдасы иммундық жүйені реттейтін, иммундық жасушаларды қуаттандыратын минералдарға бай. Ал қымызды қан қысымы жоғары науқастарға қабылдамауға кеңес берер едім. Қымыз бен саумал өкпе аурулары бар науқастарға пайдасы орасан зор.

Ұлы Жеңіске 75 жыл!

Сұрапыл, сұрауы жоқ соғыс қан майданда салтанат құрып, қыршын кеткен тағдырлардың галлериясына айналсада адамзаттың ортақ арманы, мақсат-мұраты, өр рухы бір арнаға тоғыса білді.
Аласапыран уақыт адамдарға ауыр бейнеттің қараша қамытын кигізсе де,
үзілмеген үміті өзегіне нәр болды.

Бұл соғыста аталарымыздың еншісі аз болмады. Жан-қияр ерлікпен шепті бұзды. Сауға басын садаға етті. Салауат болғай!
____________
Аңсаған арманға ұрпақ жетті. Бейбіт күннің тәуелсіз ұл-қыздары ешкімді де ешнәрсені де ұмытпайды.
Себебі, қанды жаспен жуылған аналар жаулығы көз алдымызда желбіреп тұр.
Жеңіс үшін мың алғыс!
Жеңіс үшін мың алғыс!

Театрымыздың атынан көңіл айтамыз

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Сансызбай Нұрсияұлы Бекболатовтың дүниеден өтуі Ж.Аймауытов театры үшін орыны толмас қаза деп білеміз.
Марқұмның жаны жәннаттың төрінде шалқып, рухы тыныштық тапқай.
Асыл азамат жүрегімізде мәңгі өмір сүрмек!
#ЖүсіпбекАймауытовтеатры
#жаныжайсанжанеді

Ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз!

Елімізді ғана емес әлемді шарпыған бұл індет адамзаттың ортақ трагедиясына айналып отыр. Күн өткен сайын ауру асқына түсіп, алдындағысын жалмап барады. Осындай қиын сәтте жанымызға араша түсіп, өз өмірлерін саудаға салған АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!!!
Осы ретте, дәрігерлер қауымына құрмет көрсете отыра осы видео материалды ұсынуды жөн санап отырмыз. Біле жүргейсіз!

 

Құрметті оқырман!
Бұл вирустан өз-өзімізді оқшаулап және тәртіпті сақтай отырып, сақтық шараларын орындау арқылы ғана жеңе аламыз.
Жақын жандарымызға жақсылық ойласақ қорғаныс қамына кірісейік.