Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...

Олар - өнерге өмірлерін арнап, болмысын руханиятқа суарды...
Олар - өткен дара жол бүгінде даңғыл жолға айналды...
Олар - қоғамға ізгілік пен адамгершілікті насихаттады...
Олар - театр үшін туылып, ақтық демі қалғанша қызмет етті...

Олар Ж.Аймауытов театрына ұзақ жылдар еңбек еткен, негізін қалаған тұлғалар еді...

Олардың жүрген жолы, қалдырған естеліктері санада сақталды.

Біз ұмытпаймыз, елі ұмытпайды.

Марқұмдардың жатқан жері жарық, топырағы торқа болғай.

Ерлік Жуасбек Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды

photo 2021-02-21 19-43-37

Театрдың 30 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай,
театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды.

Құрметті Ерлік Тілеуқұлұлы!

Алған марапатыңыз құтты болып, еңбегіңіз елене берсін!

Дәурен Нажмиденұлы Әділге "ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" атағы берілді

photo 2021-02-21 19-43-32

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Театрымыздың аға буын актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Нажмиденұлы Әділге Шарбақты аудандық маслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы номері: 278/83 шешімімен "ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" атағы берілді.

Құрметті Дәурен Нәжмиденұлы!
Театр ұжымы атынан құттықтаймыз!

Сахна сәні, кейіпкері Балтабаева Айсұлу

Қайырлы кеш достар!
"Сахна сәні" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз!
Өзіңіз экраннан көргіңіз келетін театр әртісін жаза кетіңіз!

Кейіпкер: ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Айсұлу Балтабаева @aisuluba
Жүргізуші: Нұркен Тұрлыбек @turlybek_tegi_nurken
Қоюшы-операторы: Рахат Жұмаханов @zh__rakhat
Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman