Жақыныңа жанашыр бол

Қазіргі таңдағы індетке байланысты сақтанып жүру, қоғамға тигізген үлкен пайдаңыз!

Күнделік, кейіпкер Рахат Жұмаханов

Жаңа жоба!
Күнделік - сіз бен біздің өмірлік сәттеріміздің жиынтығы.

Адам өміріндегі әр бір күн бағалы және аса маңызды. Қайта оралмас бейнелерді парақшаға сақтап қойдық.

Бұл біздің өмір, біздің күнделік.

Кейіпкер: Театрымыздың әртісі, "Үздік жас маман" төсбелгісінің иегері - Рахат Жұмаханов @zh__rakhat

 

Мұсабай көпестің рөлін Бауыржан Манатбекұлы сомдайтын болды

photo 2021-02-21 11-16-29

Ұлт ағартушысы, ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсіріліп жатқан "Абай" телехикаясында
Мұсабай көпестің рөлін
театрымыздың талантты әртісі, "Үздік жас маман" төсбелгісінің иегері Бауыржан Манатбекұлы
сомдайтын болады.

Әртістер марапатталды

27 наурыз - Дүниежүзілік театр күніне орай Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының "Құрмет" грамотасымен театрдың бірқатар әртістері;
⚜️Гүлжихан Хамитова
⚜️Әділ Дәурен
⚜️Кенжеғазы Қарымсақов
⚜️Гүлжан Қайырбекова
⚜️Баян Исабекова
⚜️Қарлығаш Жексембаева
⚜️Бауыржан Манатбекұлы
⚜️Рахат Жұмаханов
⚜️Нұржан Әбіласан - марапатталды.
 
Осы орайда одақ төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов мырзаға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Сондай-ақ, "Алтын глобус" халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен;
⚜️Садыкова Аида 
⚜️Абзал Жақып марапатталды.

Толығырақ...

мерекелік медалімен наградталды

photo 2021-02-19-2

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша, театрымыздың актрисасы ҚР Мәдениет қайраткері Құрбанова Бахаргүл Тұрсынжанқызы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

Құрметті Бахаргүл Тұрсынжанқызы!
Ж.Аймауытов театрының өркендеуіне және рухани болмысын бекемдеуде қалтқысыз қызмет жасап келесіз.
Осы орайда, еңбегіңіз еленіп алған марапатыңыз құтты болғай!
Құрметпен, театр ұжымы!

"Сахна сәні" бағдарламасының 2-шығарылымы

Қайырлы күн достар! 
✔️"Сахна сәні" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз! 
✅Өзіңіз экраннан көргіңіз келетін театр әртісін жаза кетіңіз! 
 
⚜️Кейіпкер: Театрымыздың балетмейстері Талғат Хандсурен
⚜️Жүргізуші: Нұркен Тұрлыбек @turlybek_tegi_nurken
⚜️Қоюшы-операторы: Рахат Жұмаханов @zh__rakhat
⚜️Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271