Қолпаш. Қошемет.

 

Қолпаш. Қошемет. Ыстық ықылас. Сәулелі күлкі.

Көрермен қайда, карантин...?

Тағдырдың жазуына көніп, бір жыл көрерменсіз жетімек ғұмыр кешуден асқан қасірет жоқ-ау, сірә.

Актер үшін көрерменнің риясыз бейнесінен артық сағыныш, олардың махаббатынан асқан құрмет бар ма? Жоқ.

Бір жыл уақыт көрерменмен жүздеспеу, киелі сахнаға шықпау....

Сіздердің ыстық шапалақтарыңызға бой жылытуды аңсаймыз.

Біз көрерменді сағындық!

Сахна сәні, кейіпкері Медет Садығазин

Қайырлы күн достар!
"Сахна сәні" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз!
Өзіңіз экраннан көргіңіз келетін театр әртісін жаза кетіңіз!

Кейіпкер: Театрымыздың актері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Медет Садығазин @medetsadygazin
Жүргізуші: Нұркен Тұрлыбек @turlybek_tegi_nurken
Қоюшы-операторы: Рахат Жұмаханов @zh__rakhat
Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman

Болмыспен бетпе-бет, кейіпкері Исанова Жібек Ерланқызы

"БОЛМЫСПЕН БЕТПЕ-БЕТ"
Тәнге ие жанның таным таразысын салмақтайтын БОЛМЫС, уақыттың сүзгісінен жинақталған тәжірбиенің қалабы сынды.
Ой мен сананың тоғысы ішкі МЕН-ді тәрбиелеп, болашағыңа жол сілтер һәм айнасы.
Қорытып қорытынды шығарар, сұрақтардың шешімін табар болмыстың кемелденуі ұлы жеңіс!
Ұлылық пен тұлғалықтың кілті әрі бастауы болмыс беттерінің ар мен рухтан нәр алуы.

Болмысыңды жаса!

Кейіпкер: Исанова Жібек Ерланқызы @issanova__
Қоюшы-операторы: Рахат Жұмаханов @zh__rakhat
Ассистент: Абзал Жақып @abzaljakyp
Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman

Көркемдік жетекші тағайындалды

Театрымыздың көркемдік жетекші қызметіне Ержан Базылұлы Қауланов тағайындалды.

Ержан Базылұлы – 1986 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келді.

▪️2002-2005 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мектеп-интернат, колледжін «музыкалық театр әртісі » мамандығы бойынша аяқтайды.
▪️2005-2010 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «театр режиссері» мамандығы бойынша, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиевтің шеберханасынан тәмамдады.

Еңбек өтілі:
▪️2010-2013 ж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының режиссері;
▪️2013-2014 ж. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының бас режиссері;
▪️2017-2020ж. Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Ж.Аймауытов театрында Ә. Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», А.Вампиловтың «Метранпаж деген не?», Р.Отарбаевтың «Ғасыр қасіреті», М. Байджиевтың «Тіл табысқандар» қойылымдарын және Д.Советқалидың «Қасқыр және жеті лақ», М.Қарттың «Алдар Көсенің дүрбісі» ертегілерін сахналады.

Құрметті Ержан Базылұлы!

Сізді жаңа қызметіңізбен театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылықтың шыңына жетелер шалқар шабыт, толағай сәттіліктер тілейміз!