"Жәмила" қойылымы

 

Бүгінгі Ш.Айматовтың "Жәмила" /реж:Ж.Садықов/ қойылымының премьерасына  Павлодар облысының әкімі Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы бастаған өңірдің зиялы қауым өкілдері келіп,  ыстық ықыластарын  білдірді.

ПРЕМЬЕРА

 

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Сіздерді Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры Ш.Айтматовтың "ЖӘМИЛА" драмасының тұсаукесеріне шақырады!

«Адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы жазушы Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінің желісі бойынша сахналанған қойылымда мөлдір махаббат пен шынайы сезім көрініс тауып, қайсар Жәмиланың тағдыры бейнеленеді.
Ауыр жылдардың жаңғырығы әйел болмысына ойран салып, тағдырын шимайласада да жүрегінің үзілмеген әні үмітіне дем берді. Жәмиланың жаны ақ бұлттан жаралғандай кіршіксіз болса, мейірімі күннен таралғандай сәулелі еді.
Табиғаты сыршыл, ақын жанды Жәмиланың сезімі мен сенім биігінде жолыққан Даниярдың махаббаты жарыққа жетеледі. Қараңғылықтан арашалады. Қос ғашық сөздеріне берік, сезімдеріне адал бола білді. Олар таптаурындылықтың қамытын шешіп, жарқын болашаққа қадам басты.
♦️24.03.21
♦️25.03.21
18:30
Қоюшы режиссері - Жангелді Садықов @zhangeldysadykov
Қоюшы суретші - Ұлан Несіпбай @nessipbay.ulan
Балетмейстер - Талғат Хандсурен
Режиссердің ассистенті - Талжібек Атамбек @talzhaa

Театр музейімен танысты

250321-2

Ш.Айтматовтың "Жәмила" қойылымының премьерасына келген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ж.Аймауытов театрының музейімен танысып, терең тарихына көз жүгіртті.
Театрдың 30 жылғы тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары жөнінде театрдың іргесін қалаушылардың бірі, аға буын актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жұмахан Доспаев баяндады.

250321-1

250321-3

ол

Бүгін Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /драма/ спектаклін тамашалауға

 

Бүгін Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /драма/ спектаклін тамашалауға
Павлодар қалалық маслихатының депутаттары мен өңір зиялылары арнайы түрде ат басын бұрды.

Қойылым соңында Павлодар қалалық маслихатының депутаты
Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы және "Nur Otan" партиясының Павлодар қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Маликова Айгүл Қайыртасқызы театр ұжымын және барша көрермендерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай келе, "Алғыс хат" табыс етіп, мерекелік шашу шашты.