Әріптестерден келген құттықтаулар

photo 2021-02-21 19-42-10

Театрдың 30 жылдық мерейтойына орай әріптестерден келген құттықтау!
Театр өнеріне қолдау білдіргеніңіз үшін ұжым атынан алғыс айтамыз!

Толығырақ...

Самал Балғабайқызы Бегалинова құттықтады

photo 2021-02-21 19-41-56

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Балғабайқызы Бегалинова театр ұжымын және ардагер актер, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Сейітжан Тәжібаевты мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпатын көрсетті.

Сондақ -ақ, театр мерейтойына орай, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың құттықтау хатын табыс етіп, сәлемін жеткізді.

Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға театр ұжымы атынан алғыс білдіреміз!

Қасейінов Дүйсен Қорабайұлының құттықтауы

photo 2021-02-21 19-42-04

Театрдың 30 жылдық мерейтойына орай, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы, профессор, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет», «Парасат», Ресейдің «Достық», Польшаның «Поляк мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен, медальдарінің иегері Қасейінов Дүйсен Қорабайұлының құттықтауы!
@turksoyorg
Театр өнеріне қолдау білдіргеніңіз үшін ұжым атынан алғыс айтамыз!

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың құттықтауы

photo 2021-02-21 19-41-50

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың келіп жеткен құттықтауы театр ұжымына үлкен мәртебе деп санаймыз!
@aktotyraiymkulova
@mcs.govrk
Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!
Театр ұжымы атынан алғыс білдіреміз!

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271