Театрымыздың бас режиссері Әділет Ақанов Хабар арнасындағы "Таңғы хабар" бағдарламасында қонақта болды. Сұхбат барысында VII Халықаралық "SAMGAU" фестивалі жөнінде баяндап, театрымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, алдағы жоспарларымен бөлісті!

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен, VII Халықаралық "SAMGAU" фестиваліне қатысқан театрымызға ақпараттық қолдау көрсетіп, өңір жұртшылығына хабардар еткен Ертіс арнасына алғыс білдіреміз!!!

Театр және кино актері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Мәдениет саласындағы Президент стипендиясының иегері Әділ Ахметов фестивальға қатысқан "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясын тамашалап, өз ойымен бөлісті. Алдағы күндерге театр ұжымына сәттілік тілеп, риясыз ризашылығын жеткізді

Халықаралық "Samgau" фестивалі біздер үшін қызыққа әрі жаңалыққа толы болды.
Әр жерден келген театрлардың өнерлерін тамашалап, тәжірибе алмасып, әріптестерімізбен еркін диалогқа түсіп достаса білдік. Өнер ұлтқа, жерге бөлінбейді. Келер күнге үлкен мотивация алып жігерленіп қайттық.
Тарихи сәттердің бағалы рәсімдерін парақшаға қалдырдық. Естеліктер өткен күндерден сыр шертіп, үнсіз сөйлейтін болады.

Нұр-Сұлтан қаласында, дәстүрлі түрде өткізілетін VII халықаралық "SAMGAU" фестивалінде театрымыз абыроймен өнер көрсетіп шықты. Талғамы биік елорда көрермендерінің патша көңіліне жол таба алғандығы, олардың көрсеткен қошеметтерінен,  соққан шапалақтарынан анық білінді.
Қойылым соңында  сарапшылар талдау жасап, актерлеріміздің шеберлігін шыңдап, алдағы күндерде де осындай биік деңгейден көргілері келетінін айтты.
 Әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген театрлармен қатар жүріп тәжірибе алмасу, труппаға келер күнге жігер берді деген сенімдеміз.
Сонымен бірге, фестиваль аясында актерлеріміз шеберлік сағаттарына қатысып арнайы сертификатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымын қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысушы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек пен көркемдік жетекші Ерлік Жуасбек пен арнайы сұхбаттасып, театрдың 30-жылдық мерейтойларымен құттықтады. - Сіздердің жетістіктеріңіз бәрімізге аян. 30-жылдық мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, театрдың алдағы уақытта алар шыңы әлі алда деп сенетінімізді жеткізгім келеді. Барша ұжымға шығармашылық табыстар тілей отырып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ерекше ықыласын қабыл алыңыздар, - деді вице-министр Елдос Мұратұлы.
Маусым айының 15-і жұлдызында Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысатын ұжым Ертіс-Баян өңірі атынан К.Гольдонидің "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ. - Барлық театр ұжымы атынан сіздердің осындай жылы қабылдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңызға алғысымызды білдіремін. Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуында өнер, мәдениет саласының орны ерек. Бәріміз де бір саланың адамдары болғандықтан қолдап, ерекше ықылас танытқандарыңызға тағы да алғыс айта отырып жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек.

10-маусым елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында, Vll халықаралық "Самғау" фестивалі басталды. Ж.Аймауытов атындағы, Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры атынан, басшы Арман Темірбек пен көркемдік жетекші Ерлік Жуасбек делегат болып, салтанатты ашылуына қатысты. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек; Маусым айының 15-і жұлдызында, Ертіс-Баян өңірі атынан, театрымыз К.Гольдонидің "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ.

Әлем театрлары назар аударған дүбірлі додада шет мемлекеттерден келген және отандық театрлар бақ сынаспақ. Фестивальге ұзын саны 16 театр бәсекеге түсіп, өнерлерін ортаға салатын болады.

Жерлестерімізге жігер беріп, қолдауды ұмытпайық!!!

 

9-маусым Сайлау күнінде, театр ұжымы белсенділік көрсетіп, азаматтық құқығын пайдалана, өз таңдауын жасады.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күніне орай, театрымыз атын иеленген, Ж.Аймауытов зеріктеуші, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, МАИН академигі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі  Зейнулина Айман Файзоллақызымен сұхбат