Еркежан Төлеубек марапатталды

Erkejan1

11-16 қазан аралығында, Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында өтетін "Сын - шын болсын..." атты республикалық театр фестиваліне Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" драмасымен қатысып, театр актрисасы Еркежан Төлеубек "ҮЗДІК ЭПИЗОДТЫҚ РОЛЬ" номинациясы бойынша марапатталды.

Толығырақ...

«Парасыз – тек биікке барасыз» атты кездесу сағатын өткізді

Театр  басшысы Арман Темірбек пен Әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Қанатбекұлы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінде»  жоғарғы сынып оқушыларымен «Парасыз – тек биікке барасыз» атты  кездесу сағатын өткізді. 
 
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді.  Осы ретте, мектеп оқушыларымен еркін диологқа түсіп, сыбайластықтың  алдын алу мақсатында жемқорлықтың себеп-салдары түсіндірілді. 
Кездесу барысында  оқушылар  көз қарастарын ортаға салып, кемел келешектің "парасыз қоғам" бейнесі жасалды.

Ер есімі - ел есінде!

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының негізін қалаушы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  режиссер Ерсайын Қандержанұлы Тәпеновтың  мемориалды тақтасы ашылды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. 
 
Аталмыш іс-шараға Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал  Бегалинова және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, Ерсайын Қандержанұлының інісі  Бейсахан Тәпенов пен  қарындасы Мариям Тәпенова, сондай-ақ барша әріптестері  меомериалды тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.
 
Театр сахнасында еске алу кеші өтіп, естелік әңгімелер айтылды. 
Жиылған қауымға  туыстарының атынан ас беріліп, режиссер рухына құран бағышталды. 
 
Біз ұмытпаймыз, ұлықтаймыз!

Толығырақ...

"Алғашқы махаббат" комедиясының премьерасына шақырамыз!

Құрметті, театр сүйер көрермен! 
 
Сіздерді,  28,29 қазан сағат 18:30,  30-қазан сағат 17:00-де, өтетін  Қ.Жүнісовтың "Алғашқы махаббат"  комедиясының премьерасына шақырамыз! 
 
 Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Осы аяулы сезімді ең алғаш   мектеп қабырғасында жүргенде  әрбір жеткіншектің  басынан өткізетіні сөзсіз. Бір қызығы  алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз?  Бұл алдамшы сезім бе, әлде шынайы ма? Біз білетіндей махаббат жасқа қарай ма? 
 
Мектеп өмірінің мөлдір сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым көрермен көңіліне қызыққа толы көңілді шақтарын есіне салары анық. Олай болса театрға асығыңыз!
 
Театрға карантиндік талаптар сақтала отырып, #Ashyq мобильді қосымшасы арқылы кіргізіледі. 
Маска режимін естен шығармауларыңызды сұраймыз!