Театр басшысы ауысты

Театр басшысы ауысты

     Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры міндетін атқарушы Нұрлан Жұманиязов өз еркімен жазған өтінішіне байланысты жұмысынан босатылды. Директордың міндетін атқарушы болып, осыған дейін директордың орынбасары  Дінмұхамед Ұябай тағайындалды.

Театрдың жаңа көркемдік жетекшісі тағайындалды

                         Театрдың жаңа көркемдік жетекшісі тағайындалды

       Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының көркемдік жетекшісі болып , осы театрдың  белгілі  әртісі, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы қор сыйлығының иегері  Бекболат Оқасов тағайындалды. Павлодар облысында 1975 туған. Т.Жүргенов атындағы театр және көркем сурет институтының түлегі.

Театр әртістерінің жазғы демалыстары аяқталды

     

                         Театр әртістерінің жазғы демалыстары аяқталды

    7 тамызда Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының ұжымы жазғы демалыстарынан кейін жұмысқа шығып, А.Вампиловтың «Метранпаж деген не?» комедиясын сахналауға кірісті. Қоюшы режиссер – Ержан Қауленов. Қойылымдағы  кейіпкерлер образдарын келесі әртістер сомдайды: Бейбіт Шәнім,  Қарлығаш Жексембаева, Бахаргүл Құрбанова, Руслан Нығманов, Медет Садығазин, Бек Тоқатов, Толқын Әдебиетова, Кенжеғазы Қарымсақов, Ерлан Боранбаев, Елдос Мәсәлім, Едіге Ақылбеков. Спектаклдің премьерасы қыркүйекке  жоспарлануда.

 

   Сонымен қатар, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры қыркүйекте  Қызылорда қаласында өтетін  С. Майқанованың 100 жылдығына арналған республика театрларының фестиваліне қатысуға арнайы шақыру алды. Фестивальге театр Вина Дельмардың «Баянсыз бақ» драмасын ұсынбақ. 

театрлар фестивалі

 

Қайраткер тұлға, көрнекті жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты аймақтық Қазақстан театрларының фестивалі өтті

      

Павлодар облысының орталығында мамырдың 15-18 жұлдыздарында Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты аймақтық Қазақстан театрларының фестивалі өтті. Оған Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Талдықорған және Павлодар қалаларынан  9 театр ұжымы қатысты.

15 мамыр күні фестивалдің салтанатты ашылуында  жиналған көрермендерге, фестивалге қатысушы әртістерге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Орсариев Арын Амангелдіұлы, фестивалдің қазылар алқасының төрағасы, театр өнерінің көрнекті қайраткері Асаналі Әшімов құттықтау тілектерін  білдірді.

        Төрт күнге созылған сахна өнерінің сайысында тоғыз қойылым көрсетілді. Облыс орталығының өнерсүйгіш көрермендері әр түрлі жанрдағы Қазақстандық және  әлемнің классиг драматургтерінің дүниелерін тамашалауға мол мүмкіншілік алды. Өз кезегінде олар фестивалді жоғары дәрежеде ұйымдастырған  Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры басшыларына,ұжымына  ризалықтарын  білдірді.

        Қазылар алқасы фестивалдің қорытындысын шығарды.

«Фестивальдің үздік спектаклі» номинациясы бойынша сыйлық– «Үкілі жұлдыз» қойылымы үшін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалы драма театры алды.

«Тарихи тұлғаға тағзым» номинациясы бойынша сыйлық – Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының – «Ар алдаспаны – Аймауытов» спектакліне берілді.

«Эпикалық ауқым» номинациясы сыйлығы – «Ай тұтылған түн» спектаклі үшін С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрына үлестірілді.

«Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша сыйақы Баян Аукешоваға – С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісіне тапсырылды.

«Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша сыйлық  А.Суховқа – Ф.М.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының әртісіне берілді.

«Екінші кезектегі рөлі» номинациясы бойынша Майра Айдынбекова – Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы қазақ драма театрының әртісі марапатталды.

«Сахна ардагері» номинациясы бойынша арнайы сыйлықпен ҚР халық әртісі Бекен Имаханов – Абай атындағы Семейдің мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының әртісі марапатталды.

      Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен басқа да театр ұжымдарына,жеке әртістерге қосымша демеушілік сыйлықтары табыс етілді.

         

қосымша фотолар "Фотогалерея" бөлімінде орналасқан

Фестваль видео

.

Театр фестивалі

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

15-18 мамыр аралығында қаламызда көрнекті қоғам қайраткері,
жазушы, драматург, жерлесіміз Жүсіпбек Аймауытовтың
125 жылдығына арналған Қазақстанның аймақтық театрлары фестивалі өтеді.
Оған Астана, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Семей және
Павлодар қалаларының театрлары қатысады.
Фестиваль қазылар алқасы қатарында – әйгілі актер,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов
және көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Әшірбек Сығаев бар.
Келіңіздер! Көріңіздер! Келем деушілерге есік ашық.
Қойылымдарды Ж.Аймауытов атындағы театрда
– күндіз сағат 10-да,

кешке сағат 18-де тамашалауға болады.

 

Толығырақ...