Б.Соқпақбаев " Балалық шаққа саяхат" /реж.:Ж.Садықов/ драмасы.
Көрермендердің ыстық қошеметі!

Ж.Аймауытов театрының 30-шы маусымының ашылуына орай, театрдың конференция залында театр әртістері БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Кеш барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Әділ, ҚР Мәдениет қайраткерлері Б.Құрбанова, А.Таспаева, Т.Атамбек және "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері М.Садығазин журналистердің көкейдегі сұрақтарына кеңінен жауап беріп, алдағы атқарылар жұмыстармен бөлісті.

 

Толығырақ...

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма  театрының 30-шы маусымының ашылуына орай, салтанатты актерлер шеруін ұсынамыз!

Ж.Аймауытов театрының 30-шы маусымының ашылуына орай, Павлодар облысының Мәдениет, Тілдерді дамыту және Архив ісі басқармасы басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов пен театр басшысы Арман Темірбек өнер ұжымын құттықтап, театрға еңбегі сіңген, ардагер әртістерге шапан жапты.
Басқарма басшысы Ернұр Дәуенов келер күнге сәттілік тілеп, өнер ордасына алдағы уақыттарда арнайы көңіл бөлетіндігін жеткізді

Толығырақ...

Болашағымыздың жарқын көрінісі бүлдіршіндерді қолдап, демеу біздің азаматтық борышымыз. Осы ретте, театр ұжымы атынан көркемдік жетекші Е.Жуасбек бастаған театр әртістері Б.Шәнім,Т.Атамбек, Г.Омарова, Д.Құспан, К.Қарымсақов "Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" мемлекеттік мекемесінде болып қайтты.
Жанарлары нұрға толы сәбилерге театр ұжымының сыйлығын табыс етіп, әрқашанда қолдауға дайын екендерін білдірді.

Толығырақ...

29-театр маусымының жабылуына орай, Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан жиналған, Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің 48-ден астам оқушылары, Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" қойылымының премьерасын тамашалады.

21 маусым күні 29-театр маусымының жабылуына орай, Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" қойылымының премьерасын, Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы бастаған ел азаматтары арнайы түрде келіп тамашалады. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы, Павлодар облыстық Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары Дычко Николай Васильевич, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бексеитова Бақыт Мақанқызы, сонымен қатар, Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Анисова Бақыт Амантайқызы, басшы орынбасарлары, Мейрманов Асылбек Бекболатұлы және Баширова Гүлзира Қайырбергенқызы,  Павлодар облысы "Jas Otan" жастар қанатының төрайымы Жүсіпова Санира Орынтайқызы келіп қатысты. Өңіріміздің өнердегі қарашаңырағы саналатын, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрын қолдап, жасаған оң қадамдарына үлкен алғыс білдіреміз!

«Балалық шақ өмірдің ең бақытты кезеңі, бірақ балалар үшін олай емес»
Ағылшын жазушысы Майкл Муркок

 

Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінің желісі бойынша сахналанған қойылымда, сол бір қиын қыстау кездердің ауыр жағдайын, жазушының тағдырында тартқан тауқыметі жөнінде баяндалады.
Қара талқан, қара сумен амалдап күн кешседе, жарқын күндерден үміт үзбеген бала жүрек, арманның асылына, мақсаттың биігіне ұмтылады.
Бала Бердібектің бастан кешкен қызықты да қайғылы оқиғалар тізбегін, қойылымнан тамашалап, көре аласыздар!
Балалық шақтың балауса күндерін сағынсаңыз театрға асығыңыз!

ministr

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрі болып - Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы тағайындалды. Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы! Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз! Сізге және Сіз басқарып отырған ұжымға шығармашылық өркендеумен, толағай табыстар тілейміз!

 

Толығырақ...