Ж. Аймауытов ескерткішіне тағзым

6 ақпан күні - Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орайластырылған Ту көтеру рәсіміне байланысты арнайы эстафета ұйымдастырылды. Айтулы шара Бірлік пен Келісім монументінен басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен құралған делегация Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының алдындағы қазақ халқының кемеңгер жазушысы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов ескерткіші алдына аялдап, тағзым етті, оған өнер ұжымының мүшелері қатысты, одан кейін Мемлекеттік рәміздер алаңы, Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин ескерткіші, саяси қуғын-сүргін құрбандары монументі алдында болды.

Эстафета шеруі Достық үйі алаңында Ту көтеру рәсімімен жалғасты. Төмендегі суреттерден  Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры алдында өткен шара сәттерін көресіздер.

2-23-3 4-4 5-5

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады

Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап Ғ.Ештанаев, Р.Ибраеваның «Әбілмансұр» атты тарихи драмасын сахналау үшін дайындыққа кірісті. Қойылым режиссері болып - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Тарлан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиев бекіді. Бүкіл қазақ халқын бір тудың астына жинай білген Абылай ханның жастық кезеңінен сыр шертетін бұл қойылымда театрдың ең шебер әртістері ойнайтын болды.

Театр ауылға барды

Жаңа жыл алдында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры гастрольдік сапармен Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылында болып қайтты. Өнер ұжымы жиналғандардың назарына М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» атты комедиясын ұсынды.

Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті өзінің 25-ші желтоқсандағы санында Бірлік ауылдық мәдениет үйінің директоры Жасқайрат Төлеубековтың хатын жариялады. Онда мәдениет үйінің басшысы : - Қазақы рухтың қайнар көзі саналатын ауылға бір мезгіл ат басын бұру - өнер өкілдерінің парызы. Бұл ретте, Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр ұжымына деген алғысым шексіз. Ұсынысымды қабыл алып, ауыл тұрғындарын шығармашылығымен тәнті етті. Өнер ұжымына тек қана табыс тілеймін, - депті.

Газетте сонымен қатар, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры директорының орынбасары Дәурен Әділдің ауыл тұрғындарына жолдаған ризашылық пікірі басылған:

- Бірлік ауылында өткен қойылымды көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады. Бұл - мәдениетке, өнерге деген құрметтің белгісі. Алдағы уақытта ауылдық жерлерге гастрольдік сапарымыз жалғасатын болады, - дейді Д.Әділ.

Жаңа жылдық шырша көңілді өтуде

jana-jildik-ertengilik

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының әртістері
Павлодар қаласының мектеп оқушыларына Жаңа жылдық шырша алдында ертегі әлеміне саяхат,
қызыққа толы ойындар сыйға тартты. Аяз-ата мен Ақша- қар, Батыл көжек пен Айлакер түлкі,
орман Патшасы арыстан мен Аңқау қасқыр және басқа да ертегі кейіпкері аңдар мен балалар бірігіп,
Жаңа жылды «қаскүнемдер тұтқынынан» құтқарып алады. Қаланың № 14, №2, №35, №22 мектеп оқушылары және облыс орталығының көптеген мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының балалары театр әртістері ұйымдастырған шырша шараларын осылай тамашалауда. Биылғы Жаңа жылғы шыршаның ерекшелігі:
негізінен көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балалары, денсаулығы кем және ата-атана
қамқорынсыз тәрбиеленушілер кеңінен тартылуда.

Ата-аналар, мектеп ұстаздары , әсіресе балалалар - осындай мерекелік сыйлықтары үшін театр ұжымына ризалықтарын білдіруде.

.

16 желтоқсан,
Тәуелсіздік күніне арналған
«Алаштың арман еткен азаттығы»
атты концерттен кейін
театр көрермендерімен сұхбат

 

ҚҰТТЫҚТАУ

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен біздің бір топ әріптестерімізге
мемлекеттік наградалар табыс етілді:

Байжұманов Мұхтар Хамитұлына
«Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер» атағы
   1 20141122 1821418876

Шәнім Бейбіт Кәрімұлына
«Ерен енбегі үшін» медалі
artis 4 20140216 1938174032

Атамбек Талжібек Жұмаділқызына
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
artis 2 20140216 1453538065

 

Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен құттықтай отыра, зор денсаулық, отбасылық бахыт,
шығармашылық табыс тілейміз және еңбектері әрқашан осылай жоғары бағаланып отырсын дейміз.

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ
музыкалы драма театрының ұжымы.

23- 30 желтоқсан 10, 12, 14, 16, 18 сағ.
балаларға арналған 
«Жаңа жылдық шырша» 
және «Құпиялы мереке» 
/ертегі/


9 желтоқсанда Жүсіпбек Аймауытов атындағы
Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры
Баянауыл ауданына гастролдік сапармен барып қайтты.
Театр ұжымы Бірлік селолық округы тұрғындарына
М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын тамашалатты.

 

Ж.Аймауытов атындағы театрда
ҚР Тұңғыш Президенті күнін кеңінен мерекелеп өтті.

Театр әртістері мереке құрметіне көрерменге
арнайы концерт бағдарламасын ұсынды.

Концертке театр әртістері: ҚР мәдениет қайраткерлері
Талжібек Атамбек, Бейбіт Шәнім, Қарлығаш Жексембаева,
ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты Руслан Нығманов
және басқалары қатысты. Концертті тамашалап,
тыңдаған көрермен дән риза болды
.

 

 

Театр ұжымы фестивальден оралды

 Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры ұжымы 31 қазан - 2 қараша аралығында Қарағандыда өткен халықаралық музыкалы театрлар фестиваліне қатысып, А.Цагарелидің «Ханума» музыкалы комедиясын сахналады. Басты рөлдерді Ақық Таспаева, Руслан Нығманов, Әділ Дәурен, Гүлжан Қайырбекова, Гүлжанат Омарова, Баян Қырықбаева, Кенжеғазы Қарымсақов, Едіге Ақылбеков, Қарлығаш Жексембаева т.б. орындады. Фестивальге Ресей, Беларусь, Өзбекістан, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінің музыкалы театрлары қатысты. Қазақстаннан жергілікті Қарағанды оперетта театры және Ж. Аймауытов атындағы қазақ театры болды. Жерлестеріміздің қойылымындағы А.Цагарелидің «Ханума» музыкалы комедиясы көрермен жұртшылығына және фестиваль қазылар алқасына ұнап, жоғары бағаға ие болып, фестиваль дипломанты атанды.

 

 

Аймауытов театры фестивальге қатысады

31 қазан - 2 қараша аралығында Қарағандыда музыкалы театрлардың IV халықаралық «DOSTAR» атты фестивалі өтеді. Оған Қазақстан мен Ресейдің көптеген музыкалы театрлар ұжымдары қатысады. Біздің Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры да осы фестивальге қатысуға арнайы шақыру алды. Фестивальде жерлестеріміз А.Цагареллидің «Ханума» музыкалы комедиясын қояды. Басты рөлдерді ҚР Мәдениет қайраткері Ақық Таспаева, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты Руслан Нығманов, ҚР Мәдениет қайраткері Дінмұхамед Ұябай, әртіс Гүлжан Омарова, әртіс Дәурен Әділ ж. б. орындайды.

Жерлестерімізге сәт сапар тілейміз.