Аймауытов театры халықаралық фестивальде

Осы күндері Атырауда қазақтың көрнекті жазушы-драматургі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық театр фестивалі өтуде. Бұл фестивальге  Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры да қатысуда. Олар Р.Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла»  желісінде «Ғасыр қасіреті» драмасын фестиваль жюриіне ұсынады. Спектакльдің қоюшы режиссері Ержан Қауланов.

  Өнер ұжымына сәттілік тілейміз.

Сахнада «Қара шекпен»

- 4 20161127 162532347623 қарашада  Г.Хугаевтың «Қара шекпен» драмасы желісінде әзірлеген қойылымның премьерасы өтті. Спектакльдің режиссері Әділет Ақанов, қоюшы суретшісі Нұрлан Дәуренбеков. Спектакльде тәжірибесі мол майталман сахна шеберлері Сейітжан Тәжібаев, Кенжеғазы Қарымсақов, Бахаркүл Құрбанова, Айсұлу Балтабаева мен театрдың жас актерлері Рахат Халық, Еркежан Төлеубек, Алмас Жәлелов, Әнуарбек Ақсұлтан, Ақтілек Ақдәулет, Нұрсерік Кеңесбаев, Берген Мұқыжанов және басқалары ойнады. Театрға көп болып жиналған көрермен қауымы қойылымды жақсы қарсы алды және спектакль аяқталған соң сахнаға көтеріліп әртістердің ойындарына жоғары баға беріп, ризалығын білдірді. Осындай бағаны жергілікті «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», радио мен теледидар журналистері де мақала, хабарларында қолдады. Жылы сөздері үшін театр ұжымы баршасына өз ризалығын білдіреді.

       Көрермен көпшілігі қойылымға қатысқан барша әртістерге жоғары баға берді. Десекте, басты рольді сомдаған Рахат Халық, Қосүрей роліндегі Еркежан Төлеубек ойындары ерекше аталды. Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті «...Жалпы осы спектакльге қатысқан актерлердің шетінен талантты, өз кәсібін сүйетін жастар екеніне сүйсіндік, қызықтық әрі қазақ театрының өнерінің өсу үстінде екеніне тағы бір көз жеткіздік...» - деп жазды.

Театрда премьера

     27 қазанда белгілі жазушы-драматург Р.Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» пьесасы бойынша «Ғасыр қасіреті» спектаклінің премьерасы болды. Қойылым режиссері Ержан Қауланов.

 

Толығырақ...

Қазан айының репертуарына өзгеріс енгізілді

27-28 қазанда сағат 18.30-да  Р.Отарбаевтың "Нашақор жайындағы новелла" пьесасы бойынша "Ғасыр қасіреті" атты спектаклдің премьерасы болады.

 

      ҚР халық артисі Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориялдық тақта ашылды

 

 2016 ж. 28 қыркүйек күні Ж.Аймауытов ат. облыстық қазақ музыкалы драма театрының 27-ші маусымы ашылды. Сол күні театр ғимаратына ҚР халық артисі Кәукен Кенжетаевтың 100-жылдығы  аясында мемориалдық естелік тақта ілініп, оны салтанатты түрде ашылуға  арналған  митинг болып өтті. Оған  атақты жерлесіміздің туған-туыстары, облыс, қала  мәдениет және өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, естелік тақтаның жобасын жасаған ҚР суретшілер одағының мүшесі Бота Машрапов және басқалары қатысты.

Толығырақ...

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының басшысы
Байжұманов Мұхтар Хамитұлының және бүкіл театр ұжымы атына келесі хаттар келіп түсті:

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді.

Бүгін сіздердің қойылымдарыңыз арқылы жиналған халықтың рухани ой-сезім күйлері бір-бірімен ұштасып, тарихқа терең бойлап, рухани күш-қуат алды.

Еліміздің өркениетін, мәдениетін дамытуға үлес қосып жүргендеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа белестер, сәтті қойылымдар тілеймін.

Екібастұз қаласының әкімі Қ. Нүкенов.

Осы мағынадағы хат Екібастұз әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
А. Жұмабаевадан да келді. Ол кісі театр ұжымына, әсіресе, «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасылары, әлеуметтік қорғалмаған және жетім балаларға арнап, «Маугли» ертегісін қойып бергені үшін ерекше алғысын білдіріпті.

 

Театр Екібастұз бен Аққуда

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры өзінің көпжылғы дәстүрі бойынша маусым басында елді мекендерге гастрольге шығып, облыстың ауыл-қалаларындағы көрермендерге өз өнерлерін көрсетеді. Міне, сол қалыптасқан салтпен, 21 қыркүйекте Екібастұз көрермендеріне Ғ.Ештанаев пен Р.Ыбыраеваның «Әбілмансұр. Сабалақ. Абылай» трагедиялық драмасын тамашалатты, ал балалар мен жасөспірімдерге Киплингтің «Маугли» ертегісін қойып берді.

30 қыркүйекте Ақку селосының тұрғындарына «Келіндер көтерілісі» комедиясын және балаларға «Алдар көсенің дүрбісі атты ертегіні ойнайды.

.

Театр маусымы ашылады

28 қыркүйек 2016 жыл

Ғ. Ештанаев пен Р. Ыбыраеваның «Әбілмансұр. Сабалақ. Абылай» тарихи драмасымен
Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрдың 27 маусымы ашылады.

Спектакльдің алдында , сағат 18.00 , атақты жерлесіміз, өнер жұлдызы
Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақтаны салтанатты ашуға арналған митинг өтеді.

 

.

Театр жас әртістермен толықты

Жаңа маусым қарсаңында Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр ұжымының қатарына Астана мен Алматы өнер білім ордаларының бір топ түлегі келіп қосылды. Атап айтсақ, олар Малашев Әлібек Қыдырұлы, Ақдәулет Ақтілек Наурызбайқызы, Мұқыжанов Берген Қуатұлы, Байдан Марал Алмазқызы, Әнуәрбек Ақсұлтан Ерсейітұлы, Манатбекұлы Бауыржан.

Жас өнерпаздарға - қадамдарың құтты болсын, Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев сынды аталарыңның жолын беріп, өнердің биік шыңдарына көтеріліңдер деген тілек айтамыз.

4.06.16.

4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздері күні

Тарих бұралаңдарында талай сынға түскен, бірақ елдік қалпын сақтап қалған халқымыздың ХХ ғасырдағы ең үлкен қуанышы - мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жариялануы. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Тәуелсіздіктің шынайы дербестік нышандары болып Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз болып табылады. Ұлттық зердемізге, ой-санамызға бойтұмар болар бұл іспетті қасиетті рәміздердің болмыс-бітімін, мән-мағнасын жақсы білу баршамыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың парызы.

Бүгінгі, 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні - Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында ерекше аталып өтті.