Назар аударыңыз
  • Lack of access rights - File '/images/teatr_kyni2017/DSC_0090-1а-100.jpg'
  • Lack of access rights - File '/images/teatr_kyni2017/DSC_0090-1а-100.jpg'
  • Lack of access rights - File '/images/joomgallery/details/_____100__37/-_3_20161221_1504427273.jpg'
  • Lack of access rights - File '/images/joomgallery/details/_____100__37/-_3_20161221_1504427273.jpg'

                                                Театр фестивальге қатысады

      Үстіміздегі жылы Қазақстанның тұңғыш режиссері, қазақ ұлттық театрдың іргетасын қалаушы Жұмат Шанинның туғанына 125 толады. Осыған орай, 18-21 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан облысында түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» Халықаралық театр фестивалі өтеді. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі «Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан» қаласында болады. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ сазды-драма театры фестивальге Жұмат Шанинның «Арқалық батыр» тарихи драмасымен қатысады.

    Өнер ұжымына шығармашылық сәтті сапар тілейміз.

 

Толығырақ...

Ж.Аймауытов атындағы  қазақ музыкалы драма театрында Халықаралық театр күні кеңінен аталып өтті. Театрға көп болып жиналған өнерсүйгіш қауымға әртістер ән шырқап, би билеп, қойылымдардан көріністер көрсетті.

Толығырақ...

«Наурыз-Думан»

Павлодар қаласы мектептерінің шәкірттері Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры әртістерінің орындауында керемет қызықты «Наурыз-Думан» ертегісін тамашалауда. Кейбір сәттерде бүлдіршін көрермендер өздері де ертегінің кейіпкері ретінде ойынға араласып кетіп жатты.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ...

                                             Спектакль премьерасы болды

 

- 1 20170227 105132980124-25 ақпанда Қанат Жүнісовтің лирикалық комедиясының премьерасы болды. Спектакльді сахналаған театрдың бас режиссері Әділет Ақанов. Қойылымды тамашалауға көп болып жиналған көрермендер әртістердің ойнына дән риза болып, жоғары баға берді.

24, 25 ақпан /18.00/

web 0006Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры ұжымы Павлодар ауданы Чернорецкі селолық округында болып, ауыл тұрғындарына М.Байджиевтің "Тіл табысқандар" комедиясын тамашалатты, соңынан ән шырқап концерт қойды.Театр әртістері Рәуза Тәжібаева, Талжібек Атамбек, Бейбіт Шәнім, Толқын Әдебиетова, Ақсұлтан Әнуәрбек сахнадағы шебер ойындарымен ауыл көрермендерін риза етті.

Толығырақ...

ҚР Парламенті Мәжілісі депуты
Сапарова Әлия Сүйіндікқызымен кездесу өтті

 

     2017 жылғы 3 ақпан күні Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының кіші залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депуты Сапарова Әлия Сүйіндікқызымен кездесу өтті. Оған Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының, А.Чехов атындағы драма театрларының шығармашылық ұжымдары, Павлодар облыстық және қалалық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері қатысты.

     Парламент депутаты Сапарова Ә.С. кездесуге қатысқандар алдында сөз сөйлеп, ҚР Президенті Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында
марапатталғандар тізімі

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Таспаева Ақық Қабдоллақызы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен
Әділ Дәурен Нәжмиденұлы

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен
Омарова Гүлжанат Мұхабілқызы

«Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» медалімен
Шәнім Бейбіт Кәрімұлы

Облыс әкімінің грамотасымен
Каримов Ермек Хасенұлы

Облыс әкімінің алғыс хатымен
Кеңесбаев Нұрсерік Мағауияұлы

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар
басқармасы грамотасымен
Әдебиетова Толқын Әдебиетқызы

Қапиза Хамзина - Павлодар театрының алғашқы әртісі

- 3 20161221 1504427273Павлодар драма театрының 1938 жылы алғашқы әртісі болған Қапиза Хамзинаның 100 жылдығы Ж.Аймауытов атындағы қазақ театрында жақында аталып өтті. Шығармашылық шараға қатысқан замандастары, әріптестері, шәкірттері, ағайын-туыстары Керекудің алғашқы әртістері апалы-сіңлілі Қапиза мен Қамиза Әйіпқыздарын еске алып, Керекудің алғашқы қазақ театрының тарихынан көп деректер келтірді. Кеңес дәуірінің солақай саясатының кесірінен театр жабылса да, оның алғашқы әртісі мен тұңғыш бас режиссері Қапиза мен Қадыр Хамзиндер Лебяжі ауданына қоныс аударып, сондағы халық театрының жұмысын жандандырып, жемісті еңбек еткен.

Сахнада «Малайсары Тархан»

- 4 20161221 2054870589Ж.Артықбаевтың «Малайсары Тархан» тарихи драмасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Павлодар көрермендеріне тарту етілді. Малайсары батырдың қалмақтар қолына тұтқынға түскен Абылай ханды босатудағы ерлігі мен тапқырлығы қойылымда сөз болады. Қазақ-қалмақ соғысы кезінде орын алған басқа да жайттар сахнада шынайы бейнеленді. Басты рөлдерді театр әртістері Бекболат Оқасов, Бейбіт Шәнім, Жұмақан Доспаев, Руслан Нығманов, Толқын Абдрахимова және т.б. шебер орындады.