2018 жылы 12 қаңтар күні сағат 11.00-де Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жөнінде жиналыс өтті. Жиналыстың модераторы әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Омаров Мухит болды. Жалпы жолдаумен таныстырып, нақты жетінші тармақты талқылады. 

Бүгін әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. 

9 қаңтар күні  Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы драма театрының шығармашылық ұжымы Ақтоғай ауданына іс сапармен келіп, Жангелді Садықовтың "Қожа мен спорт" (авторы - Оспанхан Əубəкіров) қойылымын сахналады.

 

Театрда қаланың мектеп, колледж оқушыларына арналып Жаңа жылдық шырша мерексі ұйымдастырылуда, ертегі қойылым көрсетілді.

фотолар

Театрдың шығармашылық бутафор цехының меңгерушісі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қарасай Қабдырашұлы Нүркенов жыл қорытындысы бойынша Павлодар облысы әкімінің грантына ие болды, сондай-ақ, «Ұлттық стильдегі фольклорлық композиция» атты туындысы үшін Қазақстан суретшілер одағының облыстық бөлімшесі тағайындаған Ғ.Қаржасов атындағы гранпен марапатталды.

Театрдың қоюшы-суретшісі Нұрлан Мұхамеджанұлы Дәуренбеков суретшілер одағының «Қола палитра» грантымен және төс белгісімен марапатталды.

Театр ұжымы қылқалам шеберлерін сыйлықтарымен құттықтай отыра – келе жатқан жаңа жылда мықты денсаулық, табысты еңбек, шығармашылық жетістік тілейді.

Қазақстан Республикасының ұлы мерекесі -Тәуелсіздік күніне арнап театр артистері қала тұрғындарына ән кешін сыйлады. Концерт бағдарламасында Отанды, Туған елді,Тәуелсіздікті, Халықтар достығын паш ететін қазақтың халық әндері, әлем композиторларының классикалық шығармалары және жаңа заманның сазды әуендері шырқалды.

фотолар

 

   Театрда драматург М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» комедиясының премьерасы болды. Қойылымды сахналаған театрдың жас режиссері Жангелді Садыков. Спектакльде театрдың кілең жас актерлері ойнайды.

-  - 1 20171216 1334640593фотолар

 

Қазақтың көрнекті акыны, Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, жерлесіміз Аманжол Шамкеновтың туғанына 90 жыл толуына байланысты шығармашылық кеш өткізілді. Кеште, А.Шамкеновтың драматургиялық туындысынан көріністер көрсетілді, ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.

Толығырақ...

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры қайғылы жағдайға ұшырады. Театр басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байжұманов Мұхтар Хамитұлы, 59 жасқа қараған шағында, кенеттен дүниеден озды.
Марқұммен қоштасу Ж.Аймауытов театры ғимаратында, дүйсенбі, 27 қарашада сағат 9.00-де болады.

Театр фестивальге қатысады

      Қазан айының 24-26 күндерінде театр Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының тұрғындарына К. Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясын, жасөспірім мен балаларға арнап О. Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» қойылымын көрсетті.

   8-12 қараша аралығында Жезқазған қаласында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театрының 45-жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, танымал режиссер Жанат Хаджиевке арналған театрлар фестиваліне қатысады. Фестивальде көрсетілетін қойылым Е. Төлеубайдың «Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!» трагедиялық драмасы. Бұл спектакльде кезінде Жанат Хаджиев қойған еді. Театр ұжымына сәт-сапар тілейміз!

    13-16 қараша күндері театр Қарағанды қаласында гастрольдік сапармен болады. Қарағандық театр өнерін сүйетін қауымға «Ғасыр қасіреті» драмасы, К. Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» музыкалық комедиясы және балаларға арналып «Алдар көсенің дүрбісі» ертегісі ұсынылады.

Театрда кезекті премьера

- 1 20171022 1746911577Ж.Аймауытов атындағы театрда Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасының премьерасы болып өтті. Қоюшы-режиссер Ербол Абжалов. Басты рольдерді театрдың тәжірибелі актерлері Бейбіт Шәнім, Рәуза Тәжібаева, Жұмақан Доспаев, Талжібек Атамбек, Бахаргүл Құрбанова, Гүлжанат Омарова, Бекболат Оқасов, Руслан Нұғманов, Медет Садығазин және жас артистер Еркежан Төлеубек, Ақтілек Ақдәулет, Аида Садықова, Ақсұлтан Әнуәрбек және басқалары орындады.

толығырақ

Мұхтар Әуезовке арналады

Ж.Аймауытов атындағы театрда қазақтың көрнекті жазушысы М.Әуезовтың 120 жылдығы аясында «Айсыз түнде жарық ай» атты моноспектакль ойналды. Қойылымда Абайдың бейнесін сомдап, қара сөздерін көркем нақышына келтіріп Даниял Әсенов оқыды, театр әртістері Т.Атамбек, Г.Қайырбекова, А.Таспаева. Ә.Сүлейменова, А.Садыкова, А.Хабеп ұлы ақын сөздеріне жазылған әндерді шырқады.
Қойылымды тамашалаған Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Қазақстанның Парламент Мәжілісі және Сенат депутаттары театр артистерінің өнерлеріне жоғары баға берді.

фоторепортаж