Жақында премьера


Бұрын хабарлағанымыз
дай, мамыр айында Т,Нұрмағанбетовтың "Табалдырығыңа табын" драмасының премьерасы болады. Сіздерге спектакльдің дайындығынан фоторепортаж ұсынып отырмыз.

  

   

 

 

 

 

Сахнада - 30 жыл

Ж.Аймауытов атындағы театрдың маңдайалды әртісі Жұмахан Доспаев биыл екі бірдей мерейтой иесі – туғанына 55 жыл және шығармашылықпен айналысқанына 30 жыл толды. Осыған байланысты тәжірибелі сахна шебері бір жылдары өзі бас кейіпкердің образын сомдаған Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасына режиссер болып қайта жаңғыртып, сахнаға шығармақ. Қазір қызу дайындықтар жүріп жатыр.

Қойылымда ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар тақырыбы терең қозғалады. Пьесаның басты кейіпкері Жөкен - Толасбайдың әкесі қаладағы балаларына қонаққа келеді. Бірақ оған ешкім қуанышты емес. Толасбай мен оның әйелі Файрузаның өмірдегі негізгі мақсаты – мансап қуу. Толасбаймен болған жағдай, кез-келген адамның басына түсуі мүмкін. Пьеса көрермендерді ата-аналарын, туған-туысқандарын сыйлауға, бағалауға шақырады.

Спектакльдің премьерасы келесі, яғни, мамыр айының басында өтеді деп жоспарлануда, анық болар күні жайында қосымша хабарланады.

Естай ақынның мерейтойына арналады

Биыл ақын, композитор Естай Беркімбаевтың туғанына 150 жыл толады. Соған байланысты, мерейтой қарсаңында Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры репертуарындағы Иранғайыптың «Естайдың Қорланы» атты махаббатнамасын қайта жаңғыртып, сахналамақ. Аталмыш пьесада адамзаттың өмір бойы тапсам деп таба алмай, жетсем деп жете алмай үздіге іздейтін алапат сезімі – махаббаттың – өшпес, сарқылмас нәзік те ғаламат күш екендігін тағы бір дәлелдей түседі. Ақын, әрі композитор Естайдың қартайған шағы суреттеледі.

Көрермендер қойылымды 27 сәуірде сағат 19.00-де театр сахнасында тамашалай алады.

Ардагерлер үшін тегін қойылым

Театр әкімшілігі еңбек ардагерлері үшін жеңілдіктер қарастырды. Әр жексебіде болатын спектаклдерді тамашалау ардагерлер үшін тегін ұйымдастырылады.

Келем деуші ардагерлердің естеріне саламыз:

15 сәуірде сағат 17.00-де Е.Құшуақтовтың «Қызыл алма» драмасын,

29 сәуірде сағат 19.00-де Д.Исабековтың «Мұрагерлер» драмасын тамашалауға болады.

Келіңіздер, көріңіздер, рухани демалыңыздар!

Театр – гастрольде

Өткен жұмада, яғни 6 сәуірде, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры Май ауданынын орталығындағы Мәдениет үйінде К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасын сахналады. Қойылым желісі ислам дінін өзгеше уағыздаушылардың арбауына түсіп, теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді.

Көрермендер театр артистері өнерін жоғары бағалап, ризалық білдірді, шығармашылық табыстар тіледі.

Театр ұжымы наурыз айында осы қойылымды Баянауыл, Ақсу, Павлодар, Лебяжі аудандарында қойған болатын. Лебяжі аудандарында қойған болатын. Алда, атап айтқанда, 13 сәуірде – Ақтоғай, Ертіс, 17 сәуірде - Қашыр, 26 сәуірде – Екібастұз қаласының көрермендеріне ұсынбақ.

Театрда премьера!

2 наурызда сағат 19.00 – де, 3 наурызда сағат 17.00-де театрда
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының
премьерасы болады.
Осы күндері соңғы қызу дайындықтар өтуде.
Премьераға келіп, классикалық шығарманы тамашалаңыздар!

IMG 20180226 1136521

IMG 20180226 1131281

IMG 20180226 1134501

IMG 20180226 1137561

Театр артистері өткен аптада қалалық бақшаларда, Назарбаев  зияткерлік мектебінде болып, спектакльдер қойды.

 

Толығырақ...

Жаңа қойылым дайындығы

    Театрың шығармашылық ұжымы Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын сахналауға қызу дайындық үстінде. Ұлы Ғабаң (Ғ.Мүсірепов) жазған бұл туынды  көпшілік көрерменге оқиғасы жағынан кеңінен таныс. Дегенменде, бұл қойылымды оның қоюшы режиссеры Әділет Ақанов жаңа қырынан көрсетпек. Сахна безендіруін, кейіпкерлердің костюмдерінің жоба эскиздерін Алматыдан арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, көп жылдар М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас суретшісі болған Есенгелді Тұяқов жасады. Жақында шебер суретші театр әртістерін қойылым сахнасының эскизімен, костюмдер жобаларымен таныстырды.

     Спектакль премьерасы наурыз айының басына жоспарланды.