Мерекелік марапаттаулар

IMG-20191211-WA0002

Театр туған күніне орай, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов, бірқатар театр әртістерін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Толығырақ...

Театр күнімен құттықтаулар

Театр туған күні қарсаңында

Театрдың туған күні қарсаңында театр басшылығы, театрымызға ақпараттық қолдау көрсетіп, жаңалығымыздың жаршысы айналған БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу басында театр басшысы Арман Темірбек: -Біздің қандайда бір жаңалығымдызды халыққа жедел және сапалы таратуда маңыздарыңыз орасан. Мәдениет хабаршысына айналып, бізбен әріптестік байланыс орнатқандарыңыз үшін, театр ұжымы атынан алғыс білдіремін. Осы ретте, еңбектеріңізге жеңіс тілеймін" - деді.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне театр атынан разылығын жеткізіп, алғыс хат табыс етті.

Аққулы ауданына рухани сапар жасап қайтты.

Кеше театр трупасы Аққулы ауданына рухани сапар жасап қайтты. Аудан жұртшылығына Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /реж:Ж.Садықов/ драмасымен кішкене бүлдіршіндерге арнап Е.Пермякованың "Отпен ойнама" /реж:Ә.Ақанов/ ертегісін ұсынды.

Уақыттарын арнай келген театр сүйер мәртебелі көрерменге алғыс білдіреміз.

У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.

Премьера! премьера! премьера!

Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған "ABISH ALEMI" I халықаралық фестивальдің лауреаты, У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.

Қойылым режиссері - Әділет Ақанов. Актер - ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнім.

Театр қоржыны тағы бір сапалы спектакльмен толықты.

Еккен еңбек, төккен тердің нәтижесі үшін театр ұжымын құттықтаймыз. Қойылымды асыға күтіп, алтын уақытын қиып келген көрерменге алғыс білдіреміз!