28-желтоқсан күнгі ертеңгіліктер мен қойылымдар кейінге шегеріледі

Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Сұрақтар бойынша төмендегі нөмірге хабарласыңыздар:

8(705)3433305

8(775)3682271

Көңіл айтамыз

"Ұрланған жаңа жыл" атты балалар қойылымы

ЖАҢА ЖЫЛ -2020!!!

Құрметті балалар және ата-аналар!

Сіздерді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры,
22-30 желтоқсан аралығында сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де,
Нұркен Тұрлыбектің "Ұрланған жаңа жыл" атты балалар қойылымына және театр фойесінде өтетін ертеңгілікке шақырады!
Жаңа жылды естен кетпестей етіп қарсы алғыларыңыз келсе, театрда кездесейік балақайлар!

Билеттер театр кассасында және тикетон.кз сайтында сатылады! Байланыс телефоны: 8(7182) 31-02-09 8-775-368-22-71 8(7182) 62-27-57 Онлайн сатып алу #Тикетон арқылы жүзеге асырылады.

Ақ-Сұлтан Ерсейтұлы Әнуарбек «Үміт» дипломымен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты рәсімінде театрымыздың талантты актері, «Үздік жас маман» төсбелгісінің иегері Ақ-Сұлтан Ерсейтұлы Әнуарбек «Үміт» дипломымен марапатталды.

Құрметті Ақ-Сұлтан Ерсейтұлы!
Қазақ театр өнеріне өзіндік үлес қосып, тынымсыз еңбек етіп келесіз! Осы ретте, алған марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге шығармашылық табыс, еңбекте тек қана жеңістер тілейміз!

Барша Қазақстандық театр майталмандарын алған марапаттарымен құттықтаймыз!
Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын әріптестер!
Құрметпен, театр ұжымы!

Жақсылықтың жаршысы

Бүгін, М.Ладоның "Болмаған оқиға" /реж:Ә.Оразбеков/ қойылымы соңында жиналған көрермен игі істің куәсі болды. Тәуелсіздік күні қарсаңында "Харекет" қайырымдылық қорының ұйытқысымен, Павлодар қаласының тұрғыны, алты баланың анасы Зұхра ханымға пәтер кілті табыс етілді. Елімізге танымал,
"Харекет" қорының аманатын театр басшысы Арман Темірбек орындап, пәтер иесін бүгінгі қуанышымен құттықтады.

Жақсылыққа жаны құштар оқырман!
Жүрегімізді жылытып, жақсылық жасап жарысайық!

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры театр ұжымын құттықтады

Ж.Аймауытов театрының туған күніне орай, Павлодар мемлекеттік  университетінің ректоры Мейрам Мұхаметрақымұлы Бегентаев театр ұжымын  құттықтап, театр қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, театр ұжымына арнап,  университеттен он магистратурамен, салынып жатқан жатақханадан он орын дайын екендігінде жеткізді.