Кеше театр трупасы Аққулы ауданына рухани сапар жасап қайтты. Аудан жұртшылығына Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /реж:Ж.Садықов/ драмасымен кішкене бүлдіршіндерге арнап Е.Пермякованың "Отпен ойнама" /реж:Ә.Ақанов/ ертегісін ұсынды.

Уақыттарын арнай келген театр сүйер мәртебелі көрерменге алғыс білдіреміз.

Премьера! премьера! премьера!

Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған "ABISH ALEMI" I халықаралық фестивальдің лауреаты, У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.

Қойылым режиссері - Әділет Ақанов. Актер - ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнім.

Театр қоржыны тағы бір сапалы спектакльмен толықты.

Еккен еңбек, төккен тердің нәтижесі үшін театр ұжымын құттықтаймыз. Қойылымды асыға күтіп, алтын уақытын қиып келген көрерменге алғыс білдіреміз!

ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Халықаралық фестивальдің лауреаты атанған
"Король Лир" моноспектаклі
21- қараша, 18:30.
Автор: Уильям Шекспир
Қоюшы-режиссер: Әділет Ақанов
Байланыс телефоны:
8(7182) 31-02-09
8-775-368-22-71
8(7182) 62-27-57
Онлайн сатып алу #Тикетон арқылы жүзеге асырылады.

IMG-20191024-WA0008

"The last MAMONT" қойылымының авторы жазушы, драматург, режиссер Асылбек Ихсан арнайы Алматы қаласынан спектакльді тамашалауға келді. БАҚ өкілдеріне сұқбат беру үстінде.

Бүгінгі "The last MAMONT" премьерасына ең алғашқы болып, ерте келген Машина жасау колледжінің 1 курс студенттері Мария, Нелья есімді көрермендер театр атынан арнайы сыйлықтарға ие болды. Сіз де, театрға асығыңыз!

"The last MAMONT" қойылымының режиссері Данияр Базарқұлов Ирбис арнасына сұқбат берді.

Премьера! Премьера! Премьера!

THE last MAMONT 

23 - қазан, 18.30

24 - қазан, 18.30

автор: Асылбек Исахан

Қоюшы-режиссер: Данияр Базарқұлов

 

Қазан айының 11-14 аралығында, Ақтау қаласында ұйымдастырылған, Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған "ABISH ALEMI" I халықаралық фестивалі, бүгін өз мәресіне сәтті жетті. Төрт күнге созылған додада, мықтылардың арасынан суырылып шыққан Аймауытов театрының ұжымы, лауреат атанды. Арнайы дипломда " Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, У.Шекспирдің Ә.Кекілбаев аудармасындағы "Король Лир" трагедиясын үздік сахналағаны үшін марапатталды. " - делінген. Аталмыш фестивальде әділ-қазылардың жоғары бағасын алып, театр ұжымының лауреат атануы, Ертіс-Баян өңірінің абыройының асқақтауы деп білеміз. Әлем театрлары сынға түскен фестивальде өңіріміздің атын аспандатып, намысын қорғаған театр ұжымына алғыс білдіреміз! Бұл жеңіс - ортақ жемісіміз! Халықаралық фестивальді жоғары дәрежеде ұйымдастырып, әріптестік байланысты арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасаған барша ұйымдастырушыларға, және @zhanturin_theatre ұжымына алғыс білдіреміз!

 

Толығырақ...

Ақтау қаласында өтіп жатқан "ABISH ALEMI" I халықаралық фестиваль аясында, театрымыздың көркемдік жетекшісі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Ерлік Тілеуқұлұлы Жуасбек "Қазақстан-Маңғыстау" телеканалына сұқбат берді.

suret6

Бүгін, театрдың Кәсіподағы ұйымдастыруымен, және театр басшылығының қолдауымен, 1-қазан қарттар күніне орай, театрға ұзақ жылдар бойы қызмет еткен әрі еңбегі сіңген ардагерлерге мерекелік дастархан жайылды.
Үлкенін сыйлап, өнегесін үлгі еткен халықтың мұрагері ретінде, ата салтпен үлкендердің разылығын алу, кейінгілерге абырой болмақ. "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" - деген Қазақтың аталы жолын дәріптесек, айымыз оңынан туары анық.
Меркелік кеште, ақ сақалды аталардың, ақ жаулықты аналарды ыстық лебіздері тыңдалып, ән мен жырдан шашу шашылып, сый-сыйапат көрсетілді.
Сондай-ақ, Ақтау қаласында өтетін "ABISH ALEMI" I Халықаралық театрлар фестиваліне жолға аттанғалы отырған театр ұжымына жиылған жұрт, ақ батасын берді.

Толығырақ...