Жаңа жылға базарлық

Құрметті кішкене балақайлар!
 
Сіздерді желтоқсан айының 22-30 жұлдызы аралығында өтетін И.Миччидің "Король Лев" мультфильмінің желісі бойынша сахналанатын "Симба" ертегісіне шақырамыз! 
 
♦️Тақ иегері, сәби Симбаның дүние есігін ашқанын түгел аң патшалығы асыға күтті. Қуанбаған бір ғана жануар – ағасы Шрам. Өзінің туғанына опасыздық жасау арқылы билікке келген Шрамның дәурені қалай болмақ? Симба іштегі өкініш пен үрейін жеңіп, әкесінің аманатын, даңғал жолын жалғастыра ала ма? 
Олай болса театрға асығайық! 
 
Жаңа жылдық көңіл күйді бізбен бірге өткіз!