Қыркүйек айының 22-24 жұлдызы аралығында форум-фестивалі басталды

Қыркүйек айының 22-24 жұлдызы аралығында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында, ҚазКСР халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі (Серке) Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Тарлан" сыйлығының лауреаты, көрнекті режиссер Жанат Әубәкірұлы Хаджиев атындағы театр форум-фестивалі басталды.

Форум-фестивальге театрымыздың Әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек, актерлер Бауыржан Манатбекұлы, Рахат Жұмаханов, Нұржан Әбіласан қатысуда.

Ұйымдастырушы театр ұжымы мамандардың заман талабына сай кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды театрларының актерлерін қонақжайлылықпен қарсы алды.

Форум-фестивальдің негізгі мақсаты:
Өнер ұжымдары арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, тәжірибе алмасу, театр мәдениетін өзара байыту, шығармашылық қатынасты нығайту;
Форум-фестивальге қатысушы театрлар мен сыншылар, өнертанушылар арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату болып табылады.

Сонымен қатар, форум -фестиваль кезінде актер шеберлігі, сахна қозғалысы және сайысы, сахна тілі бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтер, конференция сабақтары өткізіледі.