Сейітжан Айтқожаұлы Тәжібаевты еске алу кеші өтті

Seitjan

Бүгін қазақ театр өнерінің корифейі, ардагер актер, Ж.Аймауытов театрының негізін қалаушылардың бірі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сейітжан Айтқожаұлы Тәжібаевтың өмірден озғанына қырық күн толуына орай театр ғимаратында еске алу кеші өтті.

Еске алу кешіне марқұмның туыс-туғандары мен дос-жарандары және әріптестері жиналып, естелік әңгімелерімен бөлісті.

Сейітжан Айтқожаұлы саналы ғұмырын сахна өнеріне арнаған дарабоз актер, талант иесі еді. Жарқын бейнесі жүрегімізде сақталып, өмір жолын жадымызда тұтпақпыз!
Жатқан жері жарық болып, жаны пейіштің төрінде шалқысын!