Н.Гогольдің "Ревизор" комедиясының премьерасына шақырамыз!

Құрметті, театр сүйер көрермен! 

Көптен күткен қауышуға санаулы күндер қалды!

Сіздерді, 14,15 қыркүйек, сағат 18:30-да, Ж.Аймауытов театрының мерейлі 33-ші маусымының ашылуына орай өтетін, Н.Гогольдің "Ревизор" комедиясының #премьерасына шақырамыз!

Н.Гогольдің "Ревизор" туындысы адам баласына тән парақорлық, қазына мүлкін жымқыру, жағымпаздық, шенге бас ұру, алаяқтық сияқты қоғамға теріс пиғылдарды өткір сынайды. Қанша уақыт өтсе де, бұл кемшіліктер түзелмей, тіпті өміршең болып барады. Спектакль режиссері Әділет Ақанов бұл қойылым арқылы аталмыш мәселелерге өзіндік тұрғыдан жауап іздейді.

Күлдіре отырып, қоғамдағы ащы шындықты еске алуға, және онымен күресуге үндейді.

Біз Сіздерді асыға күтеміз, патша көңілді көрермен!

Театрға карантиндік талаптар сақтала отырып, #Ashyq мобильді қосымшасы арқылы кіргізіледі.
Маска режимін естен шығармауларыңызды сұраймыз!