Самал Балғабайқызы театр жастарымен кездесу өткізді

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Балғабайқызы театр жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, труппаға жаңа қосылған жас мамандарға ыстық ықыласын білдірді.

Жастардың қоғамда қозғаушы күшке ие екендігін тілге тиек еткен басқарма басшысы алдағы күндерге сәттілік тіледі.