Абай Құнанбайұлы жайындағы ойлар

- "Ақылды, дара, рақымды, әділ, шынға cyсаған  қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық, шыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, харекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп қақсап өткен, халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай – қазақтан шыққан философ (данышпан)".

- «Халық жалпы ғылымға бет қойып, көзі ашылған сайын Абайдың сөзнің бағасы артылып, өзінің нұсқаған
жолдарына халықтың ұғымын сүйремек, көпшіліктің қараңғы надандығына қарағанда Абайдың көп сөзі ертерек айтылғанға ұқсайды, бірақ іске аспан, керекке жарамай қалмайды»

- "Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргегас. Бұл асыл іргенің үстіне салынған ілгергі қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық"

-«Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді шешендігі»

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271