Бүгін Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /драма/ спектаклін тамашалауға

Бүгін Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /драма/ спектаклін тамашалауға
Павлодар қалалық маслихатының депутаттары мен өңір зиялылары арнайы түрде ат басын бұрды.

Қойылым соңында Павлодар қалалық маслихатының депутаты
Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы және "Nur Otan" партиясының Павлодар қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Маликова Айгүл Қайыртасқызы театр ұжымын және барша көрермендерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай келе, "Алғыс хат" табыс етіп, мерекелік шашу шашты.