Көркемдік жетекші тағайындалды

Театрымыздың көркемдік жетекші қызметіне Ержан Базылұлы Қауланов тағайындалды.

Ержан Базылұлы – 1986 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келді.

▪️2002-2005 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мектеп-интернат, колледжін «музыкалық театр әртісі » мамандығы бойынша аяқтайды.
▪️2005-2010 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «театр режиссері» мамандығы бойынша, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиевтің шеберханасынан тәмамдады.

Еңбек өтілі:
▪️2010-2013 ж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының режиссері;
▪️2013-2014 ж. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының бас режиссері;
▪️2017-2020ж. Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Ж.Аймауытов театрында Ә. Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», А.Вампиловтың «Метранпаж деген не?», Р.Отарбаевтың «Ғасыр қасіреті», М. Байджиевтың «Тіл табысқандар» қойылымдарын және Д.Советқалидың «Қасқыр және жеті лақ», М.Қарттың «Алдар Көсенің дүрбісі» ертегілерін сахналады.

Құрметті Ержан Базылұлы!

Сізді жаңа қызметіңізбен театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылықтың шыңына жетелер шалқар шабыт, толағай сәттіліктер тілейміз!

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271