Театр басшылары бас қосты

photo 2021-02-22 16-00-06

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылдың жұмыс жоспарын бекіту мақсатында, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының шақыртуымен М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

Алқалы жиынды Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының Президенті Асанәлі Әшімов сөз бастап, өзекті тақырыптар қозғалып, тың идеялар айтылды.

Бұл өз кезегінде оң бастама деп білеміз!