"Таңғы студио" бағдарламасында марапаттады

Бүгін "Таңғы студио" бағдарламасында айтыскер ақын, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры - Ринат Зайытов Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен және «Алматы» телеарнасының ақпараттық демеуімен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, "Есіңе мені алғайсың " атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Павлодар қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр актрисасы – Еркежан Төлеубек бас жүлдені қанжығасына байлады.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271