Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!

photo 2021-02-22 15-59-58

Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен және Алматы телеарнасының ақпараттық демеуімен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, "Есіңе мені алғайсың " атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық онлайн байқауында театрымыздың талантты актрисасы Еркежан Төлеубек бас жүлдені қанжығасына байлады.

Құрметі Еркежан Төлеубек!

Сізді жеңісіңізбен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жүлде Ж.Аймауытов театрының ғана емес Ертіс-Баян өңірі үшін де зор мақтаныш деп білеміз.
Қазақстанның түкпір-түпкірінен екі мыңнан аса қатысушының ішінен оқ бойы оза шабуыңыз талантыңыз бен еңбегіңіздің жемісі!
Алар асуларыңыз, шығар белестеріңіз көп болсын!

Құрметпен, театр ұжымы!

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271