Павлодарда алғаш ашылған Қазақ театры туралы білесіз бе?

photo 2021-02-21 19-41-15

Павлодар қаласында тұңғыш қазақ театрының іргетасы 1938 жылы қаланып М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклімен ашылды. Сол кезде театрда қызмет еткен Сүлейман Мақажанов, Әлмұқан Шәкіров, Фатима Төлегенова, Исламбек Әминов, Кәдірхан Әбдікәрімов, Қожахмет Құлатаев, Ғафура Салихова, Әсия Нурутова, Сахан Досалинов, Сейітжан Темпаев, Әнуар Әлиев, Бақи Зыкриянов, Марзия Хасенов т.б сынды өнерпаздар театрдың негізін қалаушылар ретінде тарихта қалды.

1938 жылы ұйымдастырылған Павлодар қазақ драма театрының алғашқы директоры және режиссері болып Қадыр Хамзин тағайындалады.

1941-1945 соғыс жылдары Павлодар драма театры көрермендерге «Амангелді», «Қобыланды», «Орыс адамдары», «Ревизор», секілді спектакльдер ұсынады. Жалпы, соғыс жылдары 179 спектакль қойып, жыл сайын 129 елді мекендерді аралап өнер көрсетеді.
1945 жылы осы труппаның негізінде біріккен облыстық қазақ-орыс драма театры болып қайта ұйымдасады.
1948 жылдан театрдың орыс труппасы (қазіргі облыстық А.П.Чехов театры) ғана жұмысын жалғастырып, ал қазақ театры облыстық ұжымшар театрына айналып, Павлодар облысының Ақсу қаласына аударылады.

1958 жылы түрлі себептермен театр ұжымының жұмысы тоқтайды.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271