Театр әртісі кинода

photo 2021-02-19-1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтіп, 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша DALA CINEMA ұсынатын, кино режиссер Алмас Фазыловтың "Сен жалғыз емессің" сериалында театрымыздың талантты әртісі Нұржан Әбіласан басты рөлдердің бірін сомдайтын болады.