Театр.Сахна.Шығармашылық.Шабыт. Сағыныш...

Ж.Аймауытов театры 1990 жылы 7 желтоқсаннан бастап өз шымылдығын түргелі 30 жылға жуық уақыт халықтың қошеметіне бөленіп, көз алдында өсіп келеді.
Әр маусымның ашылуы театр үшін мереке. Теңдесі жоқ қуаныш.
Актерлар әр маусымға қызу дайындалып, көрерменмен қауышқысы келеді, және сол бір мезетті асыға күтеді. Халықтың риясыз қошеметімен жылы дидарынан асқан, ыстық ықыластарынан биік ешнәрсе өнер адамына қанат байламас.

Өмір - сіз бен біз білмейтін құпияларға толы.
Амал не, әлемді жаулаған індет біздің арамызды тұмшалап тұр.
Біз театрды сағындық!