1.jpeg

Мамандар кеңесі. Covid-19-дан қалай аман қаламыз?

Қазір коронавирус індетінің өршуіне байланысты адамдардың біраз бөлігі үй жағдайында емделіп жатыр. Көбі әлеуметтік желілерден, елдің аузынан естіген емді жанға жалау етуде. Алайда дерттен сақтанамыз деп жүріп, жалған ақпараттарға еріп, өмірімізге қауіп төндіріп жатқанымызды білмей қалуымыз да мүмкін. Сондықтан мамандар кеңесіне құлақ аса жүріңіз!

Нұрбол Құдайберген, жалпы хирург:

- Қазіргі уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек таптырмай тұрған шақта көп уақыт жоғалтпай, үй жағдайындағы ем-домды қолдану керек.

Біріншіден, сарымсақтың пайдасы мол. Тек оны артық мөлшерде пайдалана беру де денсаулыққа кері әсерін беруі мүмкін. Аш қарынға емес, күнделікті тағаммен бірге қолданған жөн. Себебі бұл антибиотиктің орнын басады.

Екіншіден, ешкінің сүті де иммундық жүйеге өте пайдалы. Неге десеңіз, оның құрамында "казеин" бар. Әсіресе кішкентай балаларға тиімді болмақ. Ешкінің сүтіне бал қосып, таңертең, кешке ішу керек.

Үшіншіден, температурасы бар адам күніне 2 - 2.5 л. сұйықтық ішу керек. Себебі науқас көп терлеген сайын, ағзадағы сұйықтық мөлшері өз қалпында болмайды. Сондықтан жылы сұйықтық ішіп, 4-5 рет жақсылап терлесе кез келген вирустық ауру-сырқаудан құлан таза айығады. Сондай-ақ, компот, жеміс жидек шырыны пайдалы дәрумендерге бай екенін мен айтпасам да, білесіздер. Бұлар ең әуелі температураның түсуіне көмектеседі. Және науқас адамның арқасын, аяқ-қолын спиртпен сылау арқылы да температураны түсіруге болады. Алайда температурасы бар науқас монша қабылдамау керек.

Төртіншіден, саумал қан қысымы төмен науқастарға болмайды. Бірақ оның пайдасы иммундық жүйені реттейтін, иммундық жасушаларды қуаттандыратын минералдарға бай. Ал қымызды қан қысымы жоғары науқастарға қабылдамауға кеңес берер едім. Қымыз бен саумал өкпе аурулары бар науқастарға пайдасы орасан зор.