Біз біргеміз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша алдын алу шараларын іске қосқан болатын.
Осы орайда, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры да індеттен сақтану шараларынан шет қалмауда.
Атап айтсақ, театр ұжымы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, медициналық маскалар тігіп, қала тұрғындарына тегін таратты.
Бұл дерт адамзатқа сынақ болып келгені анық. Елдің елдігі - береке бірлігінде! Әлемді алаңдатқан дертке бірге қарсы тұруға, оның таралмауының алдын алу шараларын сақтауға шақырамыз. БІЗ БІРГЕМІЗ!