Жалпы, Ертіс-Баян өңіріндегі қазақ өнерінің қара шаңырағы әзірлеп жатқан бұл туынды ақын Абайдың жастық шағын баяндайды.

Әділет Ақанов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының бас режиссері:

Жас Абай қойылымы. Біз «Ерте ояндым, ойландым...», деп қойып отырмыз атын. Бұл Ж.Хаджиев пен К.Ахметовтің «Абай жолы» романынан иницировка жасаған дүние. Абайдың жалпы жас кезеңі, бұл бала шағы.  Өйткені, бұл жерде өте көп образдар өздерінің білетін Ұлжан мен Зереден бастап Құнанбай қажыға дейін.

Абзал Жақып, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі:

Біздің ғұлама ақынымыз Абай атамыздың рөлі бұйырғаны мен ерекше қуаныштымын. Өйткені, осы менің қоржынымдағы Абай есімді тұлғаның рөлін сомдау мен үшін бақыт. Қазіргі күнде дайындығымыз жүріп жатыр. Аз күнде, оншақты күнде премьерамыз болады.

Павлодардан келген меймандар Абайдың музей үйінде де болып, ақын тұтынған дүниелермен танысты. Ұлылардың аруағына зиярат жасап қайтқан қонақтарды Жидебай жері қызарып батқан күнмен шығарып салды.

 

Есенбек Санатұлы.