Театрымыздың 1 апта ішінде атқарған жұмысына бейне шолу!

Театр - адамның сан құбылмалы ойына қозғау салар, көрерменнің жан-жүрегін елжіретіп, күйбең тірліктен бір сәтке арашалайтын киелі орын. Сахна - тағдырлар тоғысқан ізгілік кеңістігі. Актер - руханият жауынгері һәм мәдениет майдангері.

Театр - ұжымдық өнер.
Сахна сыртының сырлы әлемі ұйымшылдық пен бірлікте күн кешіп, қат-қабат, қызу өмір сүруде. Сізге беймәлім сахна артындағы қайнаған өмір, еңселі еңбек, бәрі сіздер үшін. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ біздің басты құндылығымыз.
Өз ісін құрметтейтін, өз мамандығын сүйетін жандардың ұйымдасқан ортасы - театр. Біз күшпіз! Біз біргеміз!

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271