Қазақстан Театрлар Ассоциациясының қолдауымен, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Сахна пластика» кафедрасының оқытушысы, кино және театр актері, каскадер Жалынбек Ахан «Қазақтың тарихи қаруы – бес қару негіздері және театрлық семсерлесу өнерінің қыры мен сыры» тақырыбында шеберлік сағатын ойдағыдай, үздік нәтижемен тәмамдады. Шеберлік сағатта театр актерлері тыныс алу тәсілдерімен, сахналық қимыл-қозғалыс мәдениетін тереңнен меңгеріп, шеберліктерін жетілдірді.

Сондай-ақ, кәсибілігін арттырған актерлерге Қазақстан Театрлар Ассоциациясының арнайы сертификаты табыс етілді.

Осы ретте, Қазақстан Театрлар Ассоциациясына және Жалынбек Аханға театр ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.