Құрметті көрермен!
Ж.Аймауытов театры алғаш шымылдығын түргеннен бүгінге дейін біршама жетістіктерге жетті. Сіздердің назарларыңызға 2019 жылда атқарған бірқатар жұмыстарына бейне шолуын ұсынуды жөн санап отырмыз. Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін театр ұжымы атынан алғыс айтамыз! 2019 жыл театр үшін жемісті әрі жеңісті жылдың бірі болды. Осы жылдар аралығында театр имиджі үшін маңызды жұмыстар орындалды. Театр өз кезегінде Ертіс-Баян өңірінің өнерін насихаттап, абыройын асқақтату үшін біршама қызметтер атқарды. Алдағы 2020 жылдан күтер үмітіміз мол.Алдағы уақытта жаңалықтарымызды сіздермен міндетті түрде бөлісіп отыратын боламыз! Бізбен бірге болыңыздар!