Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты рәсімінде театрымыздың талантты актері, «Үздік жас маман» төсбелгісінің иегері Ақ-Сұлтан Ерсейтұлы Әнуарбек «Үміт» дипломымен марапатталды.

Құрметті Ақ-Сұлтан Ерсейтұлы!
Қазақ театр өнеріне өзіндік үлес қосып, тынымсыз еңбек етіп келесіз! Осы ретте, алған марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге шығармашылық табыс, еңбекте тек қана жеңістер тілейміз!

Барша Қазақстандық театр майталмандарын алған марапаттарымен құттықтаймыз!
Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын әріптестер!
Құрметпен, театр ұжымы!