У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.
Премьера! премьера! премьера!
Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған "ABISH ALEMI" I халықаралық фестивальдің лауреаты, У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.
Қойылым режиссері - Әділет Ақанов. Актер - ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнім.
Театр қоржыны тағы бір сапалы спектакльмен толықты.
Еккен еңбек, төккен тердің нәтижесі үшін театр ұжымын құттықтаймыз. Қойылымды асыға күтіп, алтын уақытын қиып келген көрерменге алғыс білдіреміз!