Мектеп қабырғасынан өлеңге деген құштарлығы оянып қолына қалам алған.
Облыстық, республикалық Абай, Мұқағали оқуларының жеңімпазы. «Туған тілім-тұғырым», «Махаббат жыры», «Мұқағали әлемімен сырласу» т.б. сынды облыстық көптеген ақындар мүшайрасының жеңімпазы.
2008 жылы Семей қаласында өткен «Қайрат рухы» атты республикалық мүшайраның 1 –орын иегері.
2009 жылы Павлодар қаласында өткен «Иса Байзақовтың 110-жылдығына арналған республикалық мүшайраның» 2-орын иегері.
Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр мүшәйрасының 1-орын иегері. "Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған" атты республикалық мүшәйраның жүлдегері.
Жас журналистерге арналған Респубикалық Болатхан Тайжан атындағы "Жас тұлпар" сыйлығының иегері.
Шығармалары облыстық «Сарыарқа самалы», «Найзатас» республикалық «Қазақ әдебиеті», «Тұмар»журналы, «Жұлдыз» журналы, «Көш» газеті сынды басылымдарда жарық көріп келеді. Өлеңдері «Қазақ поэзиясының антологиясына», «Ертіс толқыны», «Жанартау», «Ертіс әуендері», «Бәйшешек», «Теңізге тамған тамшылар» т.б. жинақтарға енген.
Арман Қани, Бекен Ыбырайым, Ғалымбек Жұматов, Бауыржан Қарағызұлы, Ықылас Ожай, Қалқаман Сарин, Алмас Темірбай сынды қаламгерлердің айтулы бағасына, оң пікіріне ие болған. 2014-2016 жылдары Халықаралық "Қазақстан-Zaman"газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Қазіргі таңда Павлодар облыстық «Халық радиосы» радиостанциясының музыкалық редакторы.
2018 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті.
2006-жылы «Аллажар» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген.

2018 жылы «Ескі сурет» поэзиялық жинағы жарыққа шықты. Бұл кітаптың тұсаукесері Елордада ұйымдастырылған ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрмесінде өткізілді.
2019 жылы Қарағанды қаласында өткен С.Сейфуллмннің 125 жылдығына аргалған республикалық жас қаламгерлер форумында Қазақстан Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданды.