• .

  • .

  • .

  • .

  • .

Алаш аманатын арқалаған тайғақ жолға тағдырын бұрып, елінің азаттығы жолында құрбан болып кете барған арыс ұландар, бүгінде ұрпақ  санасында мәңгі сақталмақ. Қылышынан қан тамған Голощокиннің сұрқия саясаты, мамыражай күн кешкен көшпелі Қазақ елінің бейбіт аспаннына қара бұлт үйіріп, нәубет заманның аласапыраннын орнатты.

Қазақстан компартиясының көшбасшысы  Голощекин 1927 жылы «Кіші Қазан» төңкерісін жариялады. Орталықтандыру мақсатында елдің қолындағы малды тартып алып, қолдан ашаршылық жасады. 1932-33 жалдары Қазақстанда бір жарым миллион адам өмірлерімен қош айтысты.

«Асырыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» - деп ұрандатқан шолақ белсенділер халықты  аяусыз қанап қана қоймау, «Халақ жауы» деген желеумен елдің ұйытқысы болып отырған көзі ашық сауытты тұлғаларды, би болыстарды, дін адамдарын   қуғынға ұшыратты.

Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан «Алаш Орда»  қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 «буржуаз ұлтшыл»  қамауға алынды.

Халықтың қаймағын сыпырып, берекелі елді босытып жіберді. 600 мыңға жуық Қазақ бас сауғалап елден үдере көшті. Өрісі тарылып,   өзегі үзілген , өзені сарқылып, үміті үзілген дүйім жұрт жанын шүберекке түйіп, аман қалудың қамын іздеді.

Бүгінгі таңда, Қазақстан орталық  көшелеріне, мәдени ошақтарына, мемлекеттік ғимараттарына   Алаш Ордашылдардың аттарын беріп, олардың еңбектерін ұрпақ санасына кеңінен сіңіріп келеді. Оларға ескерткіш орнатып, мемориалдық кешендер ашылған.

 

Сондай  қуғын-сүргін құрбаны, ақтаңдақтардың асылы, театрымыз атын иеленген Ж.Аймауытов еді.

Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, сазгер, өнерпаз,  зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.

Қазақ жазба өнерін қалыптастырушылардың бірі әрі белдісі, шоқтығы биік, оқ бойы оза шапқан дара тұлға еді.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы - Жүсіпбек Аймауытов.

Атап айтар болсақ, "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай саналуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы.

Оның зеріктеу еңбектері, артына қалған том-том кітаптары еліне ғасырдан-ғасырға жететін азық іспеттес.

1992 жылы 21 сәуірде ҚР үкіметінің қаулысымен театрға Жүсіпбек Аймауытов есімі беріліп, 2014 жылдың қыркүйегінде театр алдында ескерткіш орнатылды. Алаш арыстары ел есінде мәңгі сақталады!

Бүгін, Театр ғимараты алдында қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Ж.Аймауытов  ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.