29-театр маусымының жабылуына орай, Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан жиналған, Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің 48-ден астам оқушылары, Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" қойылымының премьерасын тамашалады.

21 маусым күні 29-театр маусымының жабылуына орай, Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" қойылымының премьерасын, Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы бастаған ел азаматтары арнайы түрде келіп тамашалады. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы, Павлодар облыстық Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары Дычко Николай Васильевич, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бексеитова Бақыт Мақанқызы, сонымен қатар, Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Анисова Бақыт Амантайқызы, басшы орынбасарлары, Мейрманов Асылбек Бекболатұлы және Баширова Гүлзира Қайырбергенқызы,  Павлодар облысы "Jas Otan" жастар қанатының төрайымы Жүсіпова Санира Орынтайқызы келіп қатысты. Өңіріміздің өнердегі қарашаңырағы саналатын, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрын қолдап, жасаған оң қадамдарына үлкен алғыс білдіреміз!

«Балалық шақ өмірдің ең бақытты кезеңі, бірақ балалар үшін олай емес»
Ағылшын жазушысы Майкл Муркок

 

Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінің желісі бойынша сахналанған қойылымда, сол бір қиын қыстау кездердің ауыр жағдайын, жазушының тағдырында тартқан тауқыметі жөнінде баяндалады.
Қара талқан, қара сумен амалдап күн кешседе, жарқын күндерден үміт үзбеген бала жүрек, арманның асылына, мақсаттың биігіне ұмтылады.
Бала Бердібектің бастан кешкен қызықты да қайғылы оқиғалар тізбегін, қойылымнан тамашалап, көре аласыздар!
Балалық шақтың балауса күндерін сағынсаңыз театрға асығыңыз!

ministr

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрі болып - Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы тағайындалды. Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы! Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз! Сізге және Сіз басқарып отырған ұжымға шығармашылық өркендеумен, толағай табыстар тілейміз!

 

Толығырақ...

Театрымыздың бас режиссері Әділет Ақанов Хабар арнасындағы "Таңғы хабар" бағдарламасында қонақта болды. Сұхбат барысында VII Халықаралық "SAMGAU" фестивалі жөнінде баяндап, театрымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, алдағы жоспарларымен бөлісті!

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен, VII Халықаралық "SAMGAU" фестиваліне қатысқан театрымызға ақпараттық қолдау көрсетіп, өңір жұртшылығына хабардар еткен Ертіс арнасына алғыс білдіреміз!!!

Театр және кино актері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Мәдениет саласындағы Президент стипендиясының иегері Әділ Ахметов фестивальға қатысқан "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясын тамашалап, өз ойымен бөлісті. Алдағы күндерге театр ұжымына сәттілік тілеп, риясыз ризашылығын жеткізді

Халықаралық "Samgau" фестивалі біздер үшін қызыққа әрі жаңалыққа толы болды.
Әр жерден келген театрлардың өнерлерін тамашалап, тәжірибе алмасып, әріптестерімізбен еркін диалогқа түсіп достаса білдік. Өнер ұлтқа, жерге бөлінбейді. Келер күнге үлкен мотивация алып жігерленіп қайттық.
Тарихи сәттердің бағалы рәсімдерін парақшаға қалдырдық. Естеліктер өткен күндерден сыр шертіп, үнсіз сөйлейтін болады.

Нұр-Сұлтан қаласында, дәстүрлі түрде өткізілетін VII халықаралық "SAMGAU" фестивалінде театрымыз абыроймен өнер көрсетіп шықты. Талғамы биік елорда көрермендерінің патша көңіліне жол таба алғандығы, олардың көрсеткен қошеметтерінен,  соққан шапалақтарынан анық білінді.
Қойылым соңында  сарапшылар талдау жасап, актерлеріміздің шеберлігін шыңдап, алдағы күндерде де осындай биік деңгейден көргілері келетінін айтты.
 Әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген театрлармен қатар жүріп тәжірибе алмасу, труппаға келер күнге жігер берді деген сенімдеміз.
Сонымен бірге, фестиваль аясында актерлеріміз шеберлік сағаттарына қатысып арнайы сертификатпен марапатталды.