Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры туралы қысқаша мағлұмат

   

 

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани қарашаңырағы саналатын Ж.Аймауытов театры 1990 жылы 7-желтоқсанда режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновтың сахналауында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен алғаш шымылдығы түрілді. Қойылым симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп, дирижері Болат Рахимжанов болды. Театрдың директоры болып Бектас Тапалшинов тағайындалды.

Көрнекті театр қайраткері, сол кездегі Т.Жүргенов атындағы Алматы Өнер институтының ректоры Ә.Сығай театрға   «музыкалық комедия және театр» бөлімінің бітіруші студенттерін жолдамамен жіберіп, үлкен үлес қосты.

Театр сахнасында ұлттық драматургиямен қатар, әлем классиктерінің үздік шығармалары қойылды.

М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Қаракөз», У.Шекспирдің «Король Лирі», А.П. Чеховтың «Шағала», Еврипидтың «Медея», И.Кальманның «Сильва», «Мистер Икс», И.Штраустың «Жарқанат», Ф.Эрвенның «Түлкі Бикеш», И.Цагарели «Ханума», М.Байсеркеұлы «Абылай хан», «Кене хан» сонымен қатар, осы заманғы драматургтердің пьесалары, Д.Исабековтың «Әпке», «Мұрагерлер», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Актриса», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», Ә.Таразидің «Жақсы кісі», С.Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз», И. Байзақовтың «Ақбөпе», Ш. Айтматовтың «Ана-Жер Ана»,Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», «Шернияз», Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ұлпан Есеней», Мольердің «Сараң», К.Голдонидің «Венециялық егіздер», Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», А.Ихсанның «Соңғы Мамонт», Ш.Айматовтың «Жәмила», Е.Төлеубайдың «Кербез келіндер» т.б. қойылымдар театр сүйер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Театр тәуелсіздік жылдары 150-ге жуық қойылым сахналады.

1992 жылдың 21-сәуірінде ҚР үкіметінің қаулысымен театрға Жүсіпбек Аймауытов есімі берілді.

2014 жылдың қыркүйек айында драматург, жазушы, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіпбек Аймауытовқа театр алаңында ескерткіш орнатылды

         Театр жетістіктері:

1995 жылы Египеттің Каир қаласында Халықаралық театрлар фестиваліне «Айман-Шолпан» спектаклімен қатысып лауреат атанды.

2002 жылы Д.Исабековтың 60 жылдық мерейтойына арналған Республикалық фестиваліне «Әпке» спектаклімен қатысып «Ең үздік режиссер» номинациясын Е.Тәпенов, Омар ролі үшін әртіс С.Бекболатов иеленді.

2004 жылы Қостанай қаласында ХІІ Республикалық театрлар фестивалінде Еврипидтің «Медея» спектакльдегі Медея үшін «Ең үздік әйел ролі» номинациясынмен ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Чайкина марапатталынды.

Астанада өткен VI Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклімен қатысып «Ең үздік театр труппасы» номинациясын және М.Медетов «Ең үздік дебют» номинациясын жеңіп алды.

2005 жылы Қызылорда қаласы ХІІІ Республикалық театрлар фестивалінде А.П.Чеховтың «Шағала» спектаклі үшін «Ең үздік режиссер» номинациясын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Е.Тәпенов, Аркадина ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» номинациясын ҚР еңбек сіңірген әртісі Ш.Байғабылова иеленді.

Шымкент қаласында Қ.Жандарбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық әншілер фестивалінде актриса А.Таспаева І орынды жеңіп алды.

2008 жылы Египет, Стамбул қаласында өткен Халықаралық эксперементалдік театрлар фестиваліне М.Шахановтың «Отырар Дастаны» поэтикалық спектаклімен қатысып, үлкен шығармашылық шабытпен оралды. Осы жылы Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XVI Республикалық фестиваліне Эдуардо де Филипоның «Филумена Мартурано» спектаклімен қатысып І орынға ие болды.

2015 жылы Павлодар қаласында Ж.Аймауытовтың 120 жылдығына орай өткен фестивальге қатысып, сарапшылардың жоғары бағасын алды.

2016 жылы Атырау қаласында ұйымдастырылған Р.Отарбаев атындағы фестивалінде өнер көрсетіп лауреат атанды.

2017 жылы сәуір айында Түркістан қаласында өткен Ж.Шанин атындағы фестивальге қатысып, театр актері Бекболат Оқасов «Үздік ер адам ролі» номинациясын жеңіп алды.

2017 жылдың қараша айында Жезқазған қаласында ұйымдастырылған Ж.Хаджиев атындағы фестивальға «Оян Қазақ, ойлан Қазақ» спектаклімен өнер көрсетіп, театр актері Бекболат Оқасов «Үздік ер адам ролі» номинациясымен марапатталды.

2018 жылдың қараша айының 10-14 жұлдызы аралығында Өскемен қаласында өткен, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы кіші формада сахналанған спектакльдердің ІІ Республикалық театр фестивалінде О.Бөкейдің «Атау-Кере» драмасымен қатысып, ШҚО әкімі Д.Ахметовтың «Алғыс хатына» ие болды. Сонымен қатар, театрымыздың актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Рауза Тәжібаева «Екінші пландағы әйел адам ролі» номинациясымен марапатталды.

10-14 маусым еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін VII халықаралық «SAMGAU» фестивалінде К.Гольдонидің «Венециялық егіздер» /реж: Б.Шамбетов/ комедиясымен қатысып сыншылардың жоғары бағасына ие болды.

2019 жылдың қыркүйек айының 20-25 күндері Семей қаласында өткен Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма таетрларының XXVII республикалық фестиваліне Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасымен қатысып, қойылым режиссері Жангелді Садықов «Үміт» номинациясымен марапатталды.

Қазан айының 11-14 аралығында, Ақтау қаласында өткен Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған «ABISH ALEMI» I халықаралық фестивалінде У.Шекспирдің «Король Лир» /реж:Ә.Ақанов/ моноспектаклімен қатысып театр ұжымы лауреат атанды.

 

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271