Аннотация
«Жыр жазамын жүрегімнен» мюзиклі белгілі жазушы – драматург Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасының желісі бойынша, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбілінің әндерімен өрнектеліп, қазақтың ақиық ақыны Төлеген Айбергеновтің өлеңдерімен нақышталып, қойылып отыр. Адам. Соның ішінде талант тағдыры. Өнер адамының сан қилы өмірі, студенттік шақтың қызығы мен шыжығы, ақындықтың мұң азабы, сезімнің тазалығы, махаббат бәрі-бәрі бұл қойылымда көрініс табады. Спектакльге арқау болған адалдық, достық, сатқындық сынды сезімдер шиеленісі кез-келген көрерменді бей-жай қалдырмайды.