Ғ. Ештанаев, Р.Ибраева
«Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай» (тарихи драма)
Бұл спектакльде бүкіл қазақтың басын қосып, бір тудың астына жинаған Абылай ханның балалық және жастық шағы баяндалады. Қалмақтар әкесі Уәлидің хан сарайына шабуыл жасап, басып кіреді, ханның өзін, оның ұрым бұтағын қырып салады. Жөрнектегі Әбілмансұрды /Абылайдың шын есімі/ анасы жасырын түрде Оразға аманат етіп тапсырады: Тәрбиелеп өсір, ертең аман болса қазақтың ханы осы болады, - деп.
Қуғындалып, жасырынып жүріп Ораз Әбілмансұрға /жаулары біліп қоймасын деп, Төле бидің түйесін бақтырып, атын Сабалақ қояды/ әке орнына әке, шеше орнына шеше болып өсіріп, тәрбиелеп, шынықтырып, үлкен азамат болуына әсер етеді.
Қалмақ қазақ елін жаулап алып, қиянаттық жасайды, сондай бір сәтте, Әбілмансұр қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп, Әбілмансұр «Абылай» деп ұран салып қазақтың батыры, соңынан ханы болады.
Қоюшы режиссер - Ж. Хаджиев ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері.
Режиссер ассистенті - А. Балтабаева ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты
Қоюшы суретші - Р. Стыбаев ҚР мәдениет саласының үздігі
Киім суретшісі - Н.Дәуренбеков
Сахна сайысын қойған - С.Бұлғақбаев ҚР еңбек сіңірген әртісі
Музыкамен көркемдеуші – Ж. Хаджиев, М. Бурбаев
Рольдер мен орындаушылар:
Әбілмансұр /бала кезі/ -Т.Нұрмәди
Әбілмансұр /жігіт кезі/ - Е.Боранбаев
Ханым - Б. Құрбанова ҚР мәдениет қайраткері, Г.Омарова
Төлеби - С.Тәжібаев «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ж.Доспаев ҚР мәдениет қайраткері
Бұқар - Б. Шәнім «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Н.Сарқамбаев
Бөгенбай батыр - М.Садығазин, Б. Тоқатов
Ораз - Б. Оқасов ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты
Ораздың әйелі - Қ.Жексембаева ҚР мәдениет қайраткері, А.Таспаева ҚР мәдениет қайраткері
Күтуші әйел - Р. Тәжібаева ҚР еңбек сіңірген әртісі, Т.Атамбек ҚР мәдениет қайраткері
Саудагер кемпір - Д. Құспан, Б.Исабекова
Ақсақал - К. Қарымсақов
Айтолқын - А.Балтабаева ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, Т.Әдебиетова
Шарыш - Р. Нығманов ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты
Жендет - Х. Жылқыбаев
Жігіт - А.Жалелов
Көпшілік сахнада - театр әртістері.